Қазіргі əлем болмысы: трансұлттық корпорациялар қызметі мен белсенділігінің геосаяси жəне геоэкономикалық ақуалында
Кілт сөздер:
трансұлттық корпорациялар, жаһандану, үкіметтік бақылауАңдатпа
Мақала трансұлттық корпорациялардың пайда болуы мен дамуын түсіндіретін тұжырымдамаларды қарастыруға арналған. Автор жаһандану үдерісімен байланыстағы ХХІ ғасыр тоғысындағы олардың қызметіне саяси экономикалық талдау жасау міндетін қояды. Соңғы онжылдықтағы жаһандану үдерісі əлемдік тəртіп жүйесінің өзгеруіне алып келеді: əлемдік саясат субъектілері арасындағы өзара қатынастар сипаты өзгеріп, дəстүрлі акторлардың рөлі азайып, ұлтүсті құрылымдардың жаңа формалары пайда болуда. Осы үдерістерде ерекше рөлді жаһанданудың себебі де, салдары да бо- лып табылатын трансұлттық корпорациялар атқарады. ТҰК пен ұлттық мемлекеттер арасындағы қатынастар бетбұрыстары негізінде автор трансұлттық корпорациялар біртіндеп мемлекеттер тара- пынан үкіметтік бақылауға көнбестік танытуын дəлелдейді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазіргі əлем болмысы: трансұлттық корпорациялар қызметі мен белсенділігінің геосаяси жəне геоэкономикалық ақуалында. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 61(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/259
