Əлемдік энергетикалық диалог жəне Қазақстан мұнай нарығындағы əріптестік

Авторлар

  • Zh. R. Arynov

Кілт сөздер:

мұнай, энергетика, қауіпсіздік, диалог, ОПЕК, ХЭА

Аңдатпа

Энергетикалық қауіпсіздік мəселесі – ХХІ ғасырдағы əлемдік маңызды мəселелердің қатарына толығымен қосылып үлгерді. Əрбір мемлекет тұрақты экономикалық даму қарқынын қамтамасыз ету үшін энергетикалық тұрақтылық пен тəуелсіздікке ұмтылады. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ең маңызды шикізат – мұнай. Осы орайда, Қазақстан Республикасы мұнай шикізатының ірі экспортері ретінде əлемдік энергетикалық диалогтан тыс қала алмайды. Энергетикалық қауіпсіздік саласындағы əлемдік диалог шеңберінде өзекті сұрақтарды қарастыру мүмкіндігі туады. Осы бағытта жұмыс жасайтын ең маңызды құрылым – Əлемдік энергетикалық кеңес. Оған қоса, əрбір мүдделі топтардың да өзара диалогжүргізуі артық етпейтіні белгілі. Қазақстан Республикасының да ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ТМД шеңберлерінде аймақтық энергетикалық мəселелерді күн тəртібіне жиі енгізуге тырысуы – аймақтық энергетикалық диалогтың тиімді жұмыс жасауының алғашқы қадамы.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений