Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы Астана шартының қабылдануы және ЕурАзЭҚ-тың бастапқы қадамдары

Авторлар

  • S. J. Aidarbaev
  • G. S. Kaltai

Кілт сөздер:

ұйым, кеңістік, Кеден одағы, интеграция

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының ЕурАзЭҚ мемлекеттерімен экономикалық ынтымақтастығы сыртқы саясаттың негізгі басымдықтарына айналды, өйткені Қазақстан мен Қауымдастықтың өзге де елдері экономикаларының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге байланысты, олардың экономикалық қауіпсіздік деңгейінің көтерілу кепілдігі болып отыр.
Қауымдастық шеңберінде ұлттық экономикалар міндеттерінің бірдей болуына және олардың бірін-бірі толықтырып отыруына негізделген терең интеграцияланған экономикалық жүйенің құрылуы, ЕурАзЭҚ халықаралық құқықтық негізінің даму деңгейіне де байланысты. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі интеграция еркін сауда аймағы сатысынан өтіп, кеден одағын құру сатысына тіреліп тұр. Кеден одағы бастапқы кезде үш мемлекет арасында (Қазақстан, Ресей, Белоруссия) 2010 жылы құрылмақ, одан кейн оған Қырғызстан мен Тәжікстан дайындық сатысынан өткеннен кейін қосылмақ. Кеден Одағынан кейінгі келесі интегарция сатысы – бірыңғай нарықты құру, одан кейін толық экономикалық одақтың құрылуы.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений