Орталық Азиядағы геоэкономикалық трансформация жағдайындағы Францияның Қазақстандағы экономикалық дипломатиясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/irilyj.v114i2.1592

Аңдатпа

Аталған мақалада, Орталық Азия кеңістігіндегі геоэкономикалық трансформация жағдайында Францияның Қазақстандағы экономикалық дипломатиясы жан-жақты талданады. Қойылып отырған мәселе әлемдік экономиканың санкциялық фрагментациясымен, жаһандық жеткізу тізбектерінің қайта құрылуымен және сауда-логистикалық бағыттардың өзгеруімен байланысты. Зерттеу барысында Орталық Азияның Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық өзара іс-қимыл аймағы ретіндегі рөлі және Қазақстанның, әсіресе Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Middle Corridor) аясында, негізгі транзиттік және инвестициялық хаб ретіндегі маңызы ерекше атап өтіледі. Зерттеудің мақсаты, 2022 жылдан кейінгі кезеңдегі Францияның Қазақстанға қатысты экономикалық дипломатиясының негізгі бағыттары мен құралдарын анықтау, сондай-ақ оның аймақтық деңгейдегі стратегиялық маңызын бағалау болып табылады. Зерттеу барысында ресми құжаттар, тікелей шетелдік инвестициялар жөніндегі статистикалық деректер, француз компанияларының қызметі және стратегиялық мәлімдемелер талданады. Зерттеу әдіснамасы негізінен сапалы case study, құжаттық талдау, статистикалық және контент-талдау сияқты әдістерді қамтиды. Нәтижелер Францияның экономикалық дипломатиясы Қазақстанда шикізаттық және жекелеген жобаларға негізделген өзара іс-қимылдан инфрақұрылым, жасыл энергетика, өнеркәсіптік кооперация және өңірлік қосылған құн тізбектеріне интеграцияланған стратегиялық әріптестік моделіне қарай эволюцияланып жатқанын көрсетеді. Зерттеудің ғылыми құндылығы Францияның экономикалық дипломатиясын Орталық Азиядағы геоэкономикалық өзгерістер контексінде кешенді талдауда жатыр. Алынған нәтижелердің практикалық маңызы – оларды сыртқы экономикалық саясатты, инвестициялық ынтымақтастықты және халықаралық жобаларды жоспарлау барысында қолдану мүмкіндігі.

Түйін сөздер: экономикалық дипломатия, Франция–Қазақстан қатынастары, Орталық Азия, Middle Corridor, геоэкономика.

Автор өмірбаяндары

  • А.М. Жакьянова, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы, Қазақстан

    Жакьянова Айгерим Мухамедрахимовна (корреспондент-автор) – PhD, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: zhakiyanova.a@ablaikhan.kz).

  • К.Ч. Байсултанова, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы, Қазақстан

    Байсултанова Кулипа Чарипкановна – саясаттану ғылымдарының кандидаты, Шығыстану кафедрасының профессоры, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: bayisultanova.k@ablaikhan.kz).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-20