Орталық Азияның климаттық қауіпсіздігі: қазақстандық жарияланымдарды талдау

Авторлар

  • Ж.Е. Нурбаев ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0009-0006-0699-2743
  • Д.Н. Аубакирова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0009-0003-6139-8497

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/IRILJ113120268

Аңдатпа

Мақала Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі, су қауіпсіздігі және тұрақты даму мәселелері бойынша ғылыми жарияланым белсенділігін талдауға арналған. Зерттеу 1995–2024 жылдар аралығындағы Қазақстан авторларының ғылыми журналдардағы мақалаларын қамтиды. Негізгі назар жарияланым белсенділігінің динамикасына, ғылыми әдістер құрылымына, тақырыптық басымдықтар мен пәнаралық зерттеулерге аударылды. Нәтижелер көрсеткендей, жарияланымдардың көпшілігі сипаттамалық және эмпирикалық зерттеулер болып табылады, ал болжау және әлеуметтік әдістердің интеграциясы шектеулі деңгейде қалады. 2015 жылдан кейін тақырыпқа қызығушылықтың артуы халықаралық келісімдермен, халықаралық ұйымдар бағдарламаларымен және Қазақстандағы экологиялық реформалармен байланысты. Мақала негізгі үрдістерді көрсетеді, зерттеу олқылықтарын анықтайды және климаттық қауіпсіздік мәселелерінде әлеуметтік осалдық, климаттық миграция және мінез-құлық аспектілерін қамтитын пәнаралық тәсілдерді кеңейтудің қажеттілігін атап өтеді.

Автор өмірбаяндары

  • Ж.Е. Нурбаев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Астана, Қазақстан

    Нурбаев Жаслан Есеевич – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (Астана, Қазақстан, e-mail: nurbayev_zhye@enu.kz).

  • Д.Н. Аубакирова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    Аубакирова Динара Ниязбековна – Аймақтану кафедрасының докторанты, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті(Астана, Қазақстан, e-mail: a_d_n_94@mail.ru).

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Актуальные вопросы регионоведения