Әлемдік тәртіптің трансформациясы кезіндегі орта державаның мінез-құлқы: Қазақстан мысалында

Авторлар

  • A. Bakhtiyarova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0002-1802-3943
  • Seyit Ali Avcu Анкара Йылдырым Баязид университеті, Түркия, Анкара қ. http://orcid.org/0000-0001-6890-9139

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v97.i1.06

Аңдатпа

Қытайдың жаһандық ықпалы даусыз болып, Ресей геосаяси және тарихи қажеттіліктерге байланысты либералды әлемдік тәртіпке қарсылық білдірсе де, Батыс әлемі либералды жүйені экономикалық, әскери және демократиялық институттар арқылы нығайтуын жалғастырып келеді. Мұндай ахуал пандемиядан кейінгі кезеңде терең дағдарыстағы әлемдік тәртіптің еселеп күрделенуіне негіз болып отыр.

Қазіргі халықаралық қатынастардың басты проблемасы әлемдік саясаттың болашақ сценарийінің белгісіздігі және ондағы мемлекеттердің ұстанымдары мен позициясының анық емес екендігінде. Алайда, әлемдік саясатты бойлаған көпполярлылық орта державалар санатына енетін мемлекеттер дипломатиясының жандануына әкеліп отыр. Қазіргі таңда әлемдік ғылыми ортада орта деңгейлі мемлекеттер екі категорияда қарастырылған: дәстүрлі ұғымдағы Оңтүстік Корея және Жапон мемлекеттері сынды орта державалар және де жаңа әлемдік қарқынмен дамып келе жатқан орта деңгейлі мемлекеттер.

Бұл мақалада біз әлемдік тәртіптің трансформациясы кезіндегі дамып келе жатқан орта державаның мінез-құлқын Қазақстанның әлемдік сахнадағы саясатын мысалға ала отырып эмпирикалық деректер негізінде салыстырмалы түрде зерттейміз. Қазақстан медиатор ретінде либералдық әлем мен либералдық емес әлем арасындағы шиеленісті төмендетуге мүмкіншілігі бар деген тұжырымдаманы ғылыми тұрғыда анықтаймыз.

Түйін сөздер: жаңа әлемдік тәртіп, либералды тәртіп, көпполярлы жүйе, орта держава

Жарияланды

2022-03-12