Диаспоратану ғылымын зерттеудегі пәнаралық тәсілдер
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/IRILJ.2020.v91.i3.08Аңдатпа
Соңғы жылдары диаспораны зерттеу қажеттілігі диаспора мәдениетінің брендін құруға, диаспораның ғылымдық ұғымын нығайтуға, мәдени және экономикалық желілерді құруға, мультимәдениеттілік құбылысын түсінуге және жаһандану дәуіріндегі сарапшылардың санының өсуі мен дамуына байланысты маңыздылығы жылдам арта бастады. Қазіргі уақытта диаспора саласындағы зерттеулер әртүрлі академиялық пәндермен өзара әрекеттесуді және ұштасуды қажет етеді.
Сонымен қатар, академиялық пән ретінде диаспора саласын зерттеудің төрт сипаттамасы қалыптасты. Біріншіден, диаспораны зерттеу – бұл жан-жақты ғылыми тәсілдерді қамтиды. Диаспораға қатысты зерттеу бағыттары халықаралық көші-қон, бірегейлік, саяси құқықтар мен мультимәдениеттілік және жаһандық нетворк сияқты диаспора құбылысымен тікелей ұштасатын көптеген салаларын қамтиды. Екіншіден, диаспораны зерттеу – бұл қолданбалы ғылым болып табылады. Қолданбалы ғылым диаспораның әртүрлі және күрделі құбылыстарында туындайтын диаспора құқығы мен қақтығыстар сияқты мәселелерді шешеді. Диаспоратану қолданбалы саласы ретінде әр түрлі зерттеу салаларындағы озық теорияларды қолдана отырып, диаспора құбылыстарын зерттеу, мысалы, саясат, әлеуметтану, география, антропология сияқты әлеуметтік ғылымдармен ұштасады. Үшіншіден, диаспоратану саласындағы зерттеулер – бұл эмпирикалық ғылым болып табылады. Диаспора құбылыстарынан алынған тезистермен гипотеза жасағаннан кейін, олар теорияны және фактілерді түсіндірудің ақиқатын сыни тұрғыдан объективті түрде тексере отырып, құбылысты түсіндіретін тиісті теорияларды құра алады. Төртіншіден, диаспораны зерттеу – бұл нормативті ғылым болып табылады. Нормативті ғылым шеңберіндегі зерттеу нысаны ретінде, нормаларға бағдарланған, теорияны іс жүзінде қолдану, немесе бұрмаланған негізсіз тезистерді ғылыми тұрғыдан жоққа шығарып, сыни әлеуметтік ғылымдар мен негізді саяси сипаттамаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: жаһандық диаспора, халықаралық көші-қон, ғаламдық желі, бірегейлік, диаспоратану ғылымы.
