ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНА АРНАЛҒАН ЖЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/IRILJ.2020.v91.i3.06Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлердің құқықтық мәселелері қарастырылған. Қазіргі уақытта өзекті мәселе жер қатынас- тарын өзгертудегі басты мақсатқа қол жеткізу және сайып келгенде, ауылшаруашылық экономикасын реформалау болып табылады – бұл бірінші кезекте кооперативтерді ұйымдастыру; екіншіден, мемлекеттің қатысуынсыз акционерлік қоғамдар құру. Ауыл шаруашылығында жерге меншіктің әртүрлі нысандарын пайдаланудың орындылығы туралы мәселе ауыл шаруашылық реформаларының жүргізілуінде болып тұр. Жер қатынастары заңнамасын жетілдіру процесі жүруде, ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану тиімділігін арттыру жолдары мен әдістерін ғылыми іздестіру жалғасуда. Өкінішке орай, 2021 жылы жер заңнамасының жекелеген нормаларын қолдануға мораторий аяқталады, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің кейбір ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар қажет. Сол себепті Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамасын зерделеп, оның кемшіліктерін, қайшылықтары мен олқылықтарын анықтау қажет етеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы таңдалған тақырыппен, дамуға жүйелі көзқараспен, Қазақстан Республикасының жер реформасы жағдайындағы ауылшаруашылығындағы жер қатынастарын құқықтық реттеу мәселелеріне жан-жақты талдау жасаумен анықталған. Әр түрлі көзқарастарды сыни тұрғыдан талдау негізінде мақала зерттелетін мәселелердің теориялық және тәжірибелік мәселелері туралы өз көзқарасын ұсынды және дәлелдеді. Түйін сөздер: шаруашылық мақсатына арналған жерлер, ҚР-дың Жер кодексі, жер учаскесі, жайылымдар, ауыл шаруашылық өндірісі, жер пайдаланушылар.Жүктеулер
Жарияланды
2020-09-25
Журналдың саны
Бөлім
Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНА АРНАЛҒАН ЖЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. (2020). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 91(3), 52-60. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2020.v91.i3.06
