Еуразиялық Экономикалық Одақ соты актілерінің құқықтық салдары және оларды орындау мәселелері

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/IRILJ.2020.v91.i3.04

Аңдатпа

Мақалада Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) сот актілерінің құқықтық салдарларының мәселелері және осы актілерді мүше мемлекеттер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындау ерекшеліктері талданады. Осы актілерді орындамаудың құқықтық салдары ЕЭО құқықтық тәртібіне де, Одаққа мүше мемлекеттердің құқықтық жүйелеріне де айтарлықтай ықпал етеді.

Бұл зерттеуді жүргізу кезінде авторлар зерттеудің жалпы ғылыми, жалпы құқықтық және арнайы-құқықтық әдістерін пайдаланды. Салыстырмалы-құқықтық талдау негізінде әрбір жеке актінің, әсіресе оның міндетті заңдық күші бар шешімінің статуттық ерекшеліктері қаралды. ЕАЭО сотының қызметі басқа халықаралық соттардың ерекшеліктерімен салыстыру арқылы оның оң және теріс жақтары анықталды. Жұмыста ЕАЭО Сотының Одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық соттарымен өзара іс-қимыл тетіктері зерттелді, бұл ретте мұндай өзара іс-қимыл тек мүше мемлекеттердің жоғарғы соттарымен ғана емес, сонымен қатар барлық инстанциялардағы ұлттық соттарға да қатысты қарастырылды. ЕАЭО Сотының жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында ЕАЭО сотына преюдициялық қорытындылар ұсыну бойынша өкілеттіктер беру, сондай-ақ ЕЭК-ға Одақ құқығы бойынша өз міндеттемелерін бұзатын ЕАЭО мүше-мемлекеттеріне қарсы талап қою құқығын беру ұсынылады.

Түйін сөздер: ЕАЭО Соты, статут, регламент, коллегия, қаулы, шешім, консультативті қорытындылар, сот шешімдерін орындау.

Жарияланды

2020-09-25

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері