Өз елінде мигранттардың ақша аударымдарын пайдалану мәселелері: Оңтүстік Кореядағы Пәкістандық мигранттары мысалында

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/IRILJ.2020.v91.i3.03

Аңдатпа

Бұл мақалада Пәкістандағы ақша аударымдарын халықаралық қолданудың маңызды факторлары мен бағыттары қарастырылады. Пәкістандағы саяси және экономикалық жағдайға байланысты еңбек мигранттары өздері мен отбасыларының өмір сүру деңгейін жақсарту үшін дамыған елдерге көшуде. 2018 жылы Пәкістан үкіметінің иммиграция және шетелдегі жұмыспен қамту бюросының мәліметіне сәйкес Оңтүстік Кореяда 15 472 пәкістандық еңбек мигранты жұмыс істеуде.

Осы зерттеуді толығымен жүргізу үшін Оңтүстік Кореяның Кванжу аймағында тұратын пәкістандық еңбек мигранттарымен құрылымдалған сұхбаттар өткізілді. Сұхбат барысында қатысушыларға көші-қон процесі, өмір сүрудегі қиындықтар, жұмыс жағдайлары және үйлеріне жіберілетін ай сайынғы ақша аударымдары туралы сұрақтар қойылды. Зерттеудің негізгі мақсаты – Пәкістанның Оңтүстік Кореядағы еңбек мигранттарының қазіргі жағдайын зерттеу және олардың ақша аударымдарын Пәкістандағы отбасы мүшелері қалай пайдаланатындығын анықтау болып табылады.

Пәкістандық еңбек мигранттары Оңтүстік Кореядағы фабрикаларда жұмыс істеу үшін Пәкістан үкіметінің иммиграция және шетелдегі жұмыс бюросы арқылы көшті. Пәкістандық еңбек мигранттары көші-қонның үдерісінен байқалған мотив – Пәкістандағы отбасыларының өмір сүру деңгейін жақсарту үшін пайдаланылатын кіріс алу. Осы зерттеу көрсеткендей, ақша аударымдары тамақ, денсаулық сақтау, білім беру және медицина, неке қию және жерлеу сияқты күнделікті қажеттіліктерді өтеуге жұмсалатыны анықталды. Ақша аударымдарының бір бөлігі өз елінде қосымша табыс табу және жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын ашу үшін, бизнес ашу үшін қолданылады. Көші-қонға дейін мигранттар өз елінде кәріс тілін білуді үйренді, бірақ бұл дағдылар олардың қарым-қатынас қиындықтарын төмендетпеді. Оңтүстік Кореядағы пәкістандық еңбек мигранттардың ең басты мәселесі халал тағамның болмауы болып табылады, бұл олардың діни сенімдері тұрғысынан өте маңызды.

Түйін сөздер: ақша аударымдары, даму, еңбек кірісі, еңбек мигранттары, ақша аударымдарын пайдалану салалары.

Жарияланды

2020-09-25

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық қатынастар және дипломатияның өзекті мәселелері