ИСЕСКО-ның қазіргі халықаралық қатынастардағы рөлі

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/IRILJ.2020.v91.i3.01

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев белгілеген сыртқы саясат, көпвекторлық пен тепе-теңдік қағидаттарына негізделіп, барлық мемлекеттермен достық және болжалды қатынастарды дамытуды білдіреді (www.akorda.kz). Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 6 наурызда бекіткен Қазақстан Республикасының 2020- 2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасына сәйкес, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның басымдықтарына Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Жарғысының мақсаттары мен қағидаттары негізінде халықаралық қатынастардағы сенім ахуалын қалпына келтіру және нығайтуға жәрдемдесу, тең құқықтық пен ымыра негізінде көпжақты өзара іс-қимылды ілгерілету, сонымен бірге білім беру, ғылым, мәдениет, спорт және жастар саясаты салаларында екіжақты және көпжақты деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жатады (www.akorda.kz).

Ғылым мен білім, мәдени-ағарту ынтымақтастығы саласында Қазақстан Ислам білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымымен қатынастарды жемісті дамытып келеді. Бүгінде ИСЕСКО мемлекеттер арасындағы сенім климатын қамтамасыз ету және халықаралық дамуды қолдау үшін маңызды және қажетті алаң болып табылады. Сонымен қатар, ислам ұйымы ғаламдық бейбітшілік пен өркениетаралық үнқатысуды дамыту мен нығайту үшін үлкен әлеуетке ие. Осыған байланысты ИСЕСКО-ның институционалдық және функционалдық қызметін, қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі мәдени және дипломатиялық рөлін зерттеу үлкен қызығушылық тудырады.

Халықаралық қақтығыстарға, экономикалық дағдарыстарға, экстремизм мен терроризмге қарсы күресте ИСЕСКО рухани және этикалық құндылықтарды, гуманистік ұстанымдарды ілгерілете отырып, маңызды рөл атқара алады. Ұйым өзінің мүмкіндіктерін, ресурстарын, бастамалары мен жобаларын, сондай-ақ мүше мемлекеттер мен ислам әлемінен тыс мұсылман қоғамдастықтарының мүдделері үшін серіктестікті арттыра алады, осылайша Орнықты Даму Мақсаттарына қол жеткізуде елдер мен халықтарды қолдау бойынша міндеттемелерін орындайды.

Түйін сөздер: халықаралық ұйым, ИСЕСКО, ислам әлемі, ынтымақтастық, Қазақстан.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-09-24

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық қатынастар және дипломатияның өзекті мәселелері