Еуразия геосаясатындағы ШЫҰ-ның рөлі: энергетикалық мүддедегі жақындасу мен қарама-қайшылықтар (Қытай ісі)
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/IRILJ.2020.v89.i1.01Аңдатпа
Еуразиядағы күрделі геосаяси процестер ШЫҰ-ға қатысушы барлық мемлекеттердің аймақтық
өзара тәуелділігінің жаңа форматын қалыптастыруға алып келді. Күрделі байланыстардың бірі
– мұнай және газды жеткізушілер мен тұтынушылар елдерінің қарама-қайшы энергетикалық
мүдделері. Еуразиядағы посткеңестік Орталық Азияның «Орталықта орналасу жағдайы» ШЫҰ-
ның оңтүстік-шығыс бөлігі мен Еуропа арасындағы трансконтиненталдық «көпір» ретінде ОА
аумағын пайдаланудың геосаяси дәлелі болды. Ресей мен Қытайдың, Үндістан және Пәкістанның
сондай-ақ ШЫҰ-ға бақылаушы мемлекеттердің өңірлік энергетикалық саясатқа қатысуы,
еуразиялық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, ал бұл ұйымның жаһандық
өлшеміне үлкен үлес қосады. ШЫҰ үшінші елдердің қатысуынсыз энергия ресурстарын
экспорттаушылар мен импорттаушылардың ортақ платформасын біріктіреді. Бұл ретте Шанхай
процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылының қарама-қайшы сипаты байқалады.
Бұл жағдай теріс салдарларға ие және ОА-ның өзінде өңірлік ынтымақтастықтың дамуын
тежейді. Қытай мегатрендінің «Бір белдеу, бір жол» аясындағы көптеген жобалардың болуы,
оның ішінде Қазақстанның белсенді қатысуы, көпжақты форматтың дамуын куәландырады.
Қытайдың экономикалық өсуінің қайнар көзі тиісті деңгейде көмірсутегі ресурстарының болуын
ескере отырып, Қытай саясаты ШЫҰ-ның энергетикалық перспективаларын кеңінен қолдауға
шоғырланатын болады.
