Қазақстан Республикасының отбасы заңнамасының нормаларын шетелдік элемент асқынған некені тіркеу кезінде туындайтын құқықтық қатынастарға қолдану мәселелері
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/IRILJ.2019.v88.i4.06Аңдатпа
Аңдатпа. Бұл мақалада шетелдік элемент асқынған неке қиюының ерекшелігі талданады.
Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес, тіпті азаматтығы жоқ адамдар және
өзінің шет мемлекетке тиесілігін растаған шетел азаматтары Қазақстан Республикасының
азаматтарымен тең дәрежеде отбасы және неке мәселелерінде қорғалуға жатады. Шет
ел элементі болған жағдайда Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы нормаларын
халықаралық шарттардың нормаларына жібермей және жүгінбей қолдану мүмкін емес, соның
ішінде «...Республика бекіткен халықаралық шарттардың оның заңдары алдында басымдығы
бар»деп көрсететін ҚР Конституциясының 3-б.4-т.контексінде. Осыдан келіп шығатыны,
Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасының ережелері мен Қазақстан ратификациялаған
халықаралық шарттың неке-отбасы қатынастарының бір мәселесін реттейтін нормалары
соқтығысқан жағдайда, халықаралық шарттың нормасы басым күшке ие болады. Қазіргі уақытта
Қазақстан Республикасы тиісті заңды қабылдау арқылы зерттелетін саладағы халықаралық
шарттардың едәуір санын ратификациялады. Шетелдік азаматтар не азаматтығы жоқ адамдар
мен Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы Қазақстаннан тыс жерлерде қиылған
некеге қатысты, бірақ олар аумағында жасалған мемлекеттің қолданыстағы заңнамасын
сақтай отырып, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады. Бұл ретте, ҚР КоБС тиісті
нормаларының талаптарын сақтау фактісінің тұжырымдамалық маңызы бар.
Түйін сөздер: неке, отбасы, шетел элементі, тіркеу, коллизия.
