Қазақстан Республикасының заңнамасына Бала құқықтары туралы Конвенцияның нормаларын имплементациялау

Авторлар

  • L.B. Bogatyreva
  • B.A. Taitorina
  • Z.T. Abdukarimova

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2019.v88.i4.05

Аңдатпа

Аңдатпа. Халықаралық құқықтың ұлттық заңнамаға имплементациялау мәселелерін зерделеу
жағынан кәмелетке толмағандардың құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды
қолдану тұрғысы ерекше маңызға ие. Қазіргі заманда 1989 жылы 20 қарашада Нью-Йорк
қаласында қол қою үшін ашылған, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеяның 44/25
резолюциясымен қабылданған, Бала құқықтары туралы Конвенцияның нормаларын және басқа
да халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына имплементациялау
мәселесі өзектелуде. Бұл мақалада балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау жөніндегі
Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілердің, ювеналды әділет
жүйесіндегі басқа да құжаттардың, іс жүзінде орындалуы жөнінде мониторинг және
талдау жасалды. Талдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының тұтастай
алғанда адам құқықтарын, атап айтқанда, баланың құқықтарын қорғаудың халықаралық
стандарттарын имплементациялауға бағытталған барлық жағдайларында жүргізілді. Қазақстан
Республикасының Азаматтық құқық нормаларына сүйене отырып, кәмелетке толмағандардың әрекетке қабілеттілігінің өлшемшарттары қарастырылады. Азаматтық іс жүргізу кодексі негізінде
кәмелетке толмағандардың азаматтық іс жүргізудегі әрекет қабілеттілігі талданады. Балалардың
құқықтарын қамтамасыз етудің үздік қағидаты, балалармен байланысты іс-шараларда оны
бірінші кезекте қарау қажеттілігі кодификацияланған және Қазақстан Республикасының басқа
да заңдарында бекітілген, мұндағы мемлекеттік билік органдарының қызметінің басымдықты
саласы ретінде балалар мүдделері жөніндегі мемлекеттік саясаты танылады.Зерттеу мақсатына
сәйкес БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының ұлттық заңнамасына Зерттеу мақсатына
сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары
туралы конвенциясының ережелерің енгізу мәселесі талданды.
Түйін сөздер: кәмелетке толмағандардың құқықтары, конвенция, имплементация, Бала
құқықтары туралы Конвенция.

Жарияланды

2019-12-26

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері