Ресей Федерациясының орталық азия елдеріне қатысты сыртқы саяси тұжырымдамаларының негіздерінің эволюциясы
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/IRILJ.2019.v88.i4.04Аңдатпа
Аңдатпа. Ресей Федерациясының Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы әрқашан
екі жақ үшін де стратегиялық маңызды болды. Зерттеу тақырыбы тарихи оқиғалар аясында,
тәуелсіздікке жаңадан қол жеткізіпОрталық Азия елдерінің сыртқы саясатты жүргізуде
тәжірибесі аз және өзіндік даму жолын енді құрған кезеңде, осы аймаққа қатысты Ресей
Федерациясының сыртқы саясаты мен стратегиясының тұжырымдамалық негіздеріндегі
өзгерістерді байқауға болатындығымен қызығушылық танытады. Кеңес Одағы ыдырағаннан
бері жиырма сегіз өткенімен Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара тәуелділігі жоғары
деңгейде қалып отыр. Бұл тек ортақ мемлекеттік шекаралардың үлкен көлеміне ғана емес, сонымен
бірге Еуразиялық экономикалық одақ аясында да, екіжақты негізде де жүргізіліп жатқан ортақ
экономикалық саясатқа да байланысты болып отыр. Осылайша, Орталық Азия аймағы Ресейге
энергия ресурстарынжеткізушілердің ішіндегі ірісі, оның аумағы арқылы Еуропалық Одақ
елдеріне шикізат тасымалданады, Ресей болса Орталық Азия елдеріне минералды өнімдерді,
машиналар мен жабдықтарды экспорттайды. Алайда, Ресей билік өкілдерінің Орталық Азия
мемлекеттерімен екіжақты және көпжақты негізде қарым-қатынас орнату жөніндегі күш-
жігеріне қарамастан, бүгінгі күнге дейін Ресей Федерациясының Орталық Азияға қатысты ұзақ мерзімді стратегиясын анықтайтын жеке әзірленген тұжырымдамасы жоқ. Елдер арасындағы
қатынастарды зерттеу үшін ресми тұжырымдамалық дерек көздерді қажет ететіндігі жасырын
емес, бірақ Ресей Федерациясында Орталық Азия елдеріне қатысты бірыңғай стратегиялық
құжаты болмағандықтан, басқа тұжырымдамаларға жүгіну керек. Мақалада авторлар Ресей
Федерациясының Орталық Азия елдеріне қатысты сыртқы саясаты мен стратегиясының
тұжырымдамалық негіздерінің эволюциясын қарастырып, соның негізінде қатынастардың
қалыптасуының кезеңдерін, Ресей Федерациясының стратегиялық мақсаттарын және Ресейдің
сыртқы саясатында Орталық Азия аймағының орнын анықтады.
Түйін сөздер: Российская Федерация, Центральная Азия, внешнеполитическая концепция.
