Қытайдың сыртқы саясаты: «Адамзаттың ортақ тағдыры» бастамасы

Авторлар

  • D. Zhekenov
  • M. Makisheva
  • S. Jakubayeva

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2019.v88.i4.02

Аңдатпа

Аңдатпа. Қытай Халық Республикасының сыртқы саясат ұстанымдарында мемлекет басына Си
Цзиньпин бастаған бесінші буын басшылары келгелі бері күрделі өзгерістер көрініс бере бастады.
Мао Цзедун, Дэнь Сяопинь замандарынан бері қатаң сақталып келе жатқан, «Халықаралық
мәселелерде көшбасшы болмау, көлеңкеде болу» сияқты ұстанымдар (принциптер), адамзатқа
ортақ халықаралық мәселелерді шешуде Қытай жауапкершілікті өз мойнына алуға, бейбітшілік пен
өзара тиімді саясатты ұран еткен «көшбасшы болуға» дайын деген жаңа ұстанымдарға ауыстырыла
бастады. Бұл өзгерістерді Қытайлық «Белдеу және жол» бастамасынан, «Қытай арманын» қайта
жаңғырту, Си Цзиньпин сыртқы саясатының ұранына айналып отырған «Адамзаттың ортақ
тағдыры» бастамаларынан анық байқауға болады. Си Цзиньпин халықаралық дәрежедегі кез-
келген кездесулерінде (екіжақты, көпжақты, аймақтың ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың
отырыстарында) «Адамзаттың ортақ тағдыры» мәселесін тұрақты түрде көтеріп келеді. Анық
көрініп тұрған экспанциялық немесе эмпирикалық көріністер болмауы, керісінше, адамзатты
жалпы мазалайтын халықаралық террор, ғаламшардың жылынуы, экология сияқты тағы да басқа
тартымды ұсыныстардың болуы бұл бастаманы қолдаушы тараптарды көбейтіп отыр. Мақалада
Қытай Халық Республикасы сыртқы саясат ұстанымдары осы бастамаларға талдау жасау арқылы
талданып, оның артықшылықтары мен кемшіліктері, басқа мемлекеттерге пайдасы мен мүмкін
болатын қауіп-қатерлер туралы баяндалады.
Түйін сөздер: Қытай Халық Республикасы, Си Цзиньпин, Қытай сыртқы саясаты, «Адамзаттың
ортақ тағдыры», «Қытай арманы»

Жарияланды

2019-12-26

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық қатынастар мен дипломатияның мәселелері