«Жол және белбеу» бастамасы контексіндегі «жасыл энергия» мен экологиялық тұрақтылық
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/IRILJ.2019.v87.i3.06Аңдатпа
Қытайдың «Жаңа жібек жолы» атты өршіл жобасы түрлі салаларда, оның ішінде энергетикада жаңа инфрақұрылымды қалыптастыруды көздеуде. Энергетика мен осы саладағы компанияларды дамытуға бағытталған Қытай инвестицияларының жартысынан астамы дәстүрлі қуат көздері: көмір, мұнай мен газдың үлесіне келіп отыр. «Қара» энергетикаға жұмсалатын инвестициялардың статистикасы батыстық әріптестер мен бейүкіметтік ұйымдар арасында Қытайдың «Бір белбеу, бір жол» бастамасының энергетикалық жобаларының болашағы туралы бірталай сұрақтарды көтерген болатын. Әлем бойынша көміртек диоксидін шығарудағы Қытайдың үлесі 30 пайызды құрап, осы мемлекетті дүниежүзіндегі ең ірі CO2-мен қоқыстаушы етіп отыр. Салыстырып қарайтын болсақ, мысалға Еуропалық Одақққа кіретін 28 мемлекеттің қоқысы әлемдік көлемнің 9%-ын құрауда. Солай бола тұрып, қазіргі таңда Қытай жаңғырмалы энергияны дамытудағы әлем бойынша ең ірі инвестор болып табылады (36% гидроэнергетикаға, 40% жел энергетикасына және 36% күн энергиясына). Қытай энергетика бойынша ішкі зерттеулер мен технологияларды дамыту бойынша АҚШ-қа орын беріп, бірақ Еуропалық Одақты басып озып, осы саладағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Аталған факторларды есепке алғанда, қазіргі кезде туындап отырған басты
сауал: Қытайдан тыс жерде «Бір белбеу, бір жол» бастамасын іске асыру энергетиканың қай
бағыты, «қара» не «жасыл» энергияның дамуына жағдай жасайды екен? Қытай үкіметінің «Бір
белдеу, бір жол» бастамасын қабылдағаннан кейін еуропа-қытайлық қатынастардың дамуындағы
жаңа кезең басталады және осы қатынастардың энергетикалық компоненті осы екі субъект үшін
ғана емес, сонымен қатар Еуропа мен Қытай арасында орналасқан елдер үшін де маңызды рөл
атқарады.
Түйін сөздер: Жасыл энергия, «Жол және белбеу», Қытай, Еуропалық Одақ, Энергетикалық
қауіпсіздік, таза энергия.
