Азия-Тынықмұхиты аймағындағы қауіпсіздік саласындағы бөлек ұжымдық мекемелердің қызмет жасауының ерекшеліктері (тарихи-құқықтық аспекті)

Авторлар

  • Е. Ахметов

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/IRILJ.2019.v87.i3.03

Аңдатпа

Мақала XX ғасырдың 50-70-ші жж. Азия-Тынықмұхиты аймағында жұмыс жасаған жеке
ұжымдық мекемелердің тарихын және осы аймақта орын алған әскери-саяси қауіпсіздікті
халықаралық-құқықтық қамтамасыз етудің мәселелерін зерттеуге арналған.
Қазіргі кезеңде Азия-Тынықмұхиты аймағы кең ауқымды геосаяси жүйенің бел ортасы болып
табылады, ол даму деңгейі бойынша әртүрлі диаметральды аймақ мемлекеттерін бірыңғай, өзара
әрекеттесудің кешенді тетігіне біріктіреді. Бұл жағдайда осы өңірдің саяси және экономикалық
мүдделері тұрғысынан маңыздылығын Қазақстан жете бағалай алмайды. Сонымен бірге,
Азия-Тынықмұхиты аймағы кеңістігінің аймақтық қауіпсіздік институттарын құру процесін
қиындататын саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан біркелкі еместігі соңғы уақытта кейбір
өзгерістерге ұшырауда.
Мақаланың мақсаты халықаралық құжаттарды, статистикалық шолуды, ғылыми
көзқарастарды талдау, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесі негізінде әскери-саяси саладағы
жеке ұжымдық мекемелердің қызмет ету тарихын көрсетуге және әскери-саяси өлшем
бөлігінде Азия-Тынықмұхиты аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету келешектерін анықтауға
бағытталған.
Осы зерттеудің пәні болып әскери-саяси қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Азия-
Тынықмұхиты аймағында жұмыс істеген кейбір ұйымдардың жұмыс істеу тетіктері мен қызметі
табылады.
Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы оның Қазақстан Республикасының
сыртқы қатынастар органдарының құқық қолдану қызметінде, халықаралық-құқықтық
бағалауды әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін, сонымен қатар басқа да ұқсас зерттеулер үшін
негіз болуы мүмкін.
Түйін сөздер: Азия-Тынықмұхиты аймағы, Шығыс Азия, әскери-саяси аспекті, БҰҰ, аймақтық
қауіпсіздік.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-10-27

Журналдың саны

Бөлім

Әлемдік саясаттың қазіргі мәселелері мен халықаралық құқық