Алматыдағы «АҚШ-тағы сурет» көрмесі (1976): Қазақ КСР-дегі америкалық көпшілік дипломатиясы

Авторлар

  • А. Фоминых

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/IRILJ.2019.v87.i3.02

Аңдатпа

«Халықаралық шиеленісті бәсеңдетудің» аз уақыттық кезеңі КСРО мен АҚШ арасындағы
ғылыми-техникалық және мәдени алмасудың жандануымен сипатталады. Бұл қарым-қатынастың
маңызды құрамдасы болып екі жоғары державаның алдыңғы қатарлы жетістіктерін көрсететін
техникалық және көркем көрмелер табылады. 1976 жылдың күзінде Алматы қаласында (сол
кездегі Қазақ КСР астанасы) АҚШ (USІA) Ақпараттық агенттігі ұйымдастырған жылжымалы «АҚШ-
тағы сурет» көрмесі өткізілді. Мақалада көрме USIA мұрағат құжаттарында, сонымен қатар,
замандастар естеліктерінен көрінетін КСРО-дағы америка көпшілік дипломатиясы құралының
бөлігі ретінде, сонымен қатар, кеңестік Қазақстан азаматтарының оны қабылдауы талданады.
Екі жоғары державаның идеологиялық қарама-қайшылықтарына қарамастан, америкалықтармен
тікелей байланыс көптеген қазақстандықтарды қызықтырды, экспозиция Алматы тұрғындары
мен оның қонақтары үшін танымал болып, кең резонанс тудырды. Америкалық көпшілік
дипломатиясы мақсатты аудиторияға оның технологиялық басымдылықтарын, сонымен қатар,
АҚШ пен КСРО арасындағы өмір сүру деңгейі мен тұтынудың айқын көрінетін айырмашылығын
көрсету арқылы тиісті түрде тиімді әсерін тигізді. Қазіргі заманғы дипломатияның теориялары
тұрғысынан КСРО-да ұстау дәуіріндегі америкалық саяхат көрмелерінің тиімділігі өте жоғары
болып көрінеді. Орталық Азиядағы Қырғи-қабақ соғыс кезеңіндегі мәдени дипломатия тарихы
зерттеушілердің алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асырудың перспективаларын
ашатын тақырыптық саласы болып табылады.
Түйін сөздер: көпшілік дипломатиясы, қырғи қабақ соғыс, АҚШ, мәдени алмасу.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-10-27