Дамушы әлемде кедейлікті түсінуде өмір сүруге арналған тұрақты қаржы көздерін талдаудың үлесі

Авторлар

  • T. Kamaldzhanova

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/IRILJ.2019.v86.i2.012

Аңдатпа

Тұрақты өмір сүру тұжырымдамасы (ӨСТ) – бұл кедейлікті жоюдың жалпы қабылданған анықтамалары мен тәсілдерінің шеңберінен шығу әрекеті. Аталмыш тәсілдердің аясы тым тар деп танылды, себебі кедейліктің белгілі бір аспектілері мен көріністеріне ғана (төмен табыс сияқты) назар аударылды; немесе кедейліктің осалдық және әлеуметтік оқшаулау сияқты басқа да өмірлік маңызды аспектілерін ескермеді. Соңғы есеп бойынша әлем халқының 10 пайызы күніне 1,90 доллардан аз көрсеткішке өмір сүреді. Кедейліктің шегінде Африка құрлығында, Үндістан, Мексика және басқа да көптеген елдер бар. Қазіргі уақытта кедей адамдардың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақты түрде өмір сүру қабілетін шектейтін немесе арттыратын түрлі факторлар мен процестерге көбірек көңіл бөлу қажет деп танылды. Тұрақты өмір сүру тұжырымдамасы кедейлікке дәйекті және кешенді көзқарас ұсынады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы зерттеудің мақсаты тұрақты өмір сүру тұжырымдамасын және оның кедейшілікті жоюға қосқан үлесін түсіну болып табылады. Зерттеудің негізгі міндеттері – кедейшілік пен кедей адамдардың өмір сүруінің көп қырлы және динамикалық түсінігін зерттеу, тұрақты өмір сүру әдістерін және кедей адамдардың серпінді ұмтылысын талдау. Сондай-ақ, тұрақты өмір сүру мен кедейлік деңгейін төмендету арасындағы қатынастардың қажеттілігін қарастыру.
Түйін сөздер: өмір сүруге тұрақты құралдар, кедейшілік, кедейліктің қысқаруы, дамушы елдердің ауылдық аудандары, осалдық, кедей адамдар.

Жарияланды

2019-08-28

Журналдың саны

Бөлім

Әлемдік экономика мен тұрақты дамудың мәселелері