Адами капитал, әлеуметтік саясат және қоғамның экономикалық дамуы

Авторлар

  • М. Молчанов
  • В. Молчанова

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/IRILJ.2019.v86.i2.011

Аңдатпа

Қоғамның экономикалық дамуы мемлекеттің белсенді әлеуметтік саясатына тікелей
тәуелді. Үдемелі әлеуметтік саясат ұлттың адами капиталын арттыруға бағытталған мақсатты
инвестициялармен ерекшеленеді. Өз кезегінде бүгінгі күні дәл осы адами капитал көптеген
адамдармен белгілі бір қоғамның әлеуметтік-саяси дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі
ретінде есептелінеді. Айта кету керек, жылда әр түрлі халықаралық ұйымдар мен институттар
осы көрсеткіш бойынша өздерінің жеке рейтингтерін жариялайды. Жалпы айтқанда, бұл
термин жеке тұлғаның экономикалық құндылығын білдіреді. Егер тек экономикалық тұрғыдан
айтатын болсақ, білім, дағдылар, біліктілік, денсаулық және жұмыс берушілер бағалайтын
басқа да заттар, мысалы, адалдық, ұқыптылық және т.б. жатады. Осылайша, осы айтылып
отырған тақырып төңірегінде ең алдымен білім және денсаулық салалары назарда болады.
Нақты осы салалар адами капиталды арттырудың басты көздерінің бірі ретінде есептелінеді.
Қорытындысында келесі тұжырымдамаға келуге болады: адами капитал мен әлеуметтік саясат
бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғамның инновациялық әлеуетін жүзеге асыру тек жеке адамның
шығармашылық, кәсіпкерлік қызметтерін ынталандыру арқылы ғана мүмкін. Саяси элиталар мен
ұлттық көшбасшылардың дамудың әлеуметтік-экономикалық тетіктерін қалыптастыру мен оның
тұрақтылығын қамтамасыз етудегі түйінді рөлі көрсетілген.
Түйін сөздер: экономикалық даму, әлеуметтік саясат, адами капитал, элиталар және бұқара.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-08-28

Журналдың саны

Бөлім

Әлемдік экономика мен тұрақты дамудың мәселелері