Қазақстан Республикасының және кейбір шетелдердің ауылшаруашылығы кооперациясы саласындағы заңнамасының жалпы сипаттамасы

Авторлар

  • G. Teleuyev
  • Remi Mishel Ndzhiki ᅠ

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/IRILJ.2019.v86.i2.010

Аңдатпа

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құқықтық қамтамасыз етілуі құқықтанудағы ең өзекті бағыттардың бірі. Бұл үрдіс Қазақстан тәжірибесінде ғана емес, шетелде де байқалды. Қазіргі заманғы өркениет азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты аграрлық кооперативтерді дамытуға мәжбүр болып отыр. Сондықтан да кооперативтерге бірігу аграрлық табысын айтарлықтай жақсарта алады, бұл тұтастай алғанда экономиканың дамуына оң әсер етеді. Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты ауыл шаруашылығы кооперативтері саласындағы шет елдердің заңнамасын зерделеу. Қарастырылып отырған саладағы кейбір шет елдердің заңнамалық базасына салыстырмалы құқықтық талдау жасау және мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау. Осы зерттеудің нәтижелері келесі зерттеулердің ғылыми материалдарында пайдаланылуы мүмкін. Бұл тақырыпты зерттеуді бірнеше себептермен түсіндіреміз. Біріншіден, зерттеу қорытындысы бойынша осы саладағы отандық заңнаманың кейбір олқылықтары анықталып, осы мәселелерді шешудің нақты шешімдері ұсынылды. Екіншіден, авторлар республиканың аграрлық
заңнамасын жетілдіруде нақты ұсыныстар келтірді. Сондай-ақ, авторлар ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің маңызы мен рөлін және оның даму бағыттарын айқындады. Қорытынды
бөлімде, авторлар ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жедел және жан-жақты дамуын
атап өтті, ол үшін ең алдымен сапалы заңнама болуы қажет. Яғни сапалы құқықтық реттеусіз
тиісті дамуға қол жеткізу мүмкін емес. Сондай-ақ мақалада алғаш рет ауыл шаруашылығы
кооперативтерін дамытудың экономикалық құралдары ұғымы қолданылады.
Түйін сөздер: ауыл шаруашылығы кооперациясы, аграрлық заңнама, шетел мемлекеттерінің
практикасы, экономикалық тетік, мемлекеттік саясат.

Жарияланды

2019-08-28

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері