Қоршаған орта мен ғарыш қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық құқықтық механизмдерi
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/IRILJ.2019.v86.i2.09Аңдатпа
XX-XXI ғасырлар аралығында мемлекеттердің ғарыштық кеңістікті экономикалық, қорғаныс жән ғылыми мақсаттар үшін пайдалану ұсынатын бірегей мүмкіндіктерге деген назар аударуы артып келеді. Ғарышты игеруде жылдам алға басу адамзат тарихында жаңа тарау ашты. Әлемдік ғарышкерліктің соңғы он жылдағы дамуы халықаралық құқықтық реттеудің бұрынғы парадигмасын жер төңірегіндегі ғарыштық кеңістіктегі ғарыштық қызмет қауіпсіздігі ұғымдарымен және өлшемдерімен күрделі толықтыру қажет екенін көрсетті. Ғарыштық қызмет пен оның салдарлары бар дүниежүзілік қауымдастықтың қауіпсіздігі үшін әрқашан ғаламдық маңызға ие болған. Жұмыстың мақсаты қоршаған орта мен ғарыш саласында қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру болып табылады. Бүгінгі күні дүниежүзілік қауымдастық тұрақты дамуды қамтамасыз етудің қиын мәселелеріне тап болып отыр және геосаяси жағдайдың түбегейлі динамикалық өзгеруі, ғаламдық экологиялық қауіптердің өрши түсуі жағдайларында өз қолында
ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құралдарға ие болғысы келеді. Ғарыштық
қызметтің қауіпсіздігіне ықпал ететін антропогендік факторлардың бірі ғарыштық кеңістікте
«ғарыштық қоқыс» деп аталатын объектілердің құралуы болып табылады. Мемлекеттердің
БҰҰ Ғарыш жөніндегі комитеті қабылдаған ғарыштық қоқыстың құрылуының алдын алудың
басшы қағидалары мен ережелерін сақтауы мемлекеттердің арасында бұл мәселенің шешімін
реттейтін және анықтайтын ұлттық механизмдер туралы ақпаратпен алмасу үрдістерін белсенді
дамытуды, ғарыштық қоқыстың құрылуының алдын алуды талап етеді. Ғылыми маңыздылығы
жұмыста экологиялық бағыттағы құқықтық нормаларға талдау жүргізілгенімен, сондай-ақ жер
төңірегіндегі ғарыштық кеңістікте ғарыштық қызметтің қауіпсіздігіне ықпал ететін факторлардың
айқындалуымен анықталады. Бұл мақала қоршаған орта мен ғарыштық кеңістіктің ластану
мәселелерін шешу үшін мемлекеттердің халықаралық ынтымақтасуы қажет екенін негіздейді.
Түйін сөздер: ғарыштық қоқыс, ғарыштық кеңістіктің ластануы, ғарыштық қауіпсіздік.
