Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасының геосаяси аспектілері
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2019.v86.i2.05Аңдатпа
Бүгінгі таңда Қытай мен Азия, Еуропа, Африка және Латын Америкасы елдерінің экономикалық
және әлеуметтік ынтымақтастығының барлық бағыттары «Бір белдеу, бір жол»
бастамасы аясында белгіленеді. Белдеу және жол бастамасы – бұл 2013 жылы дүниеге келген
халықаралық ауқымдағы қытай мега жобасы, ол көптеген қатысушыларды қамтиды және үлкен
қаржыландыруды талап етеді. Бастамаға өте үлкен салмақ түседі және одан көп күтілуде. Әрине,
Қытайдың түпкі мақсаты – әлемдегі ең қуатты мемлекет болу. Дегенмен, бұл гегемониялық
арман емес, бұл – бейбіт, кеңестік және үйлесімді әлемді құруға жалпы көзқарасқа баса назар
аударатын конфуциандық сипаттағы арман. Қытайдың бұл бастамасы және халықаралық
ынтымақтастықты нығайту жолындағы барлық іс-әрекеті Қытай экономикасының дамуына және
оның ғаламдық мәртебесін нығайтуға ғана емес, сонымен қатар әлемдік экономикалық және
саяси жағдайды тұрақтандыруға ықпалын тигізеді. Ұсынылған жұмыста «Бір белдеу, бір жол»
бастамасының стратегиясы қарастырылып, оның геосаяси аспектілеріне талдау жасалынады,
және Қазақстанның Белдеу және жол бастамасындағы рөлі мен орнына көңіл бөлінеді. Авторлар
бес жыл ішінде бастаманың елеулі прогреске қол жеткізгеніне қарамастан, оның шынайы
ауқымын және күтілетін нәтижелерін бағалау әлі де қиын екенін, ал халықаралық жобаның
тиімділігі Қытай саясатының ішкі факторларына, сондай-ақ сыртқы факторларға да байланысты
болатынын атап өтеді.
Түйін сөздер: «Бір белдеу, бір жол» бастамасы, стратегия, геосаясат, Қытай, Қазақстан,
ынтымақтастық.
