Түркияның Қазақстандағы қоғамдық дипломатиясы мен жұмсақ күші

Авторлар

  • F. Kukeeva
  • E. Chukubayev
  • N. Sultanmuratov
  • R. Alypkyzy

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/IRILJ.2019.v86.i2.02

Аңдатпа

Бүгінгі таңда қазіргі заманғы Түркия өте ықпалды аймақтық ойыншыға айналды. Оның қатысуынсыз Таяу Шығыстағы, Кавказдағы, Жерорта теңізі аймағы және басқа да аймақтардағы көптеген аса күрделі әскери және саяси мәселелердің шешілуін елестету мүмкін емес. Бұл үрдіс әсіресе Сириядағы, Ирактағы, Қарабақ айналасындағы, Кипрдегі және басқа да жанжалдардан байқалады. Өз кезегінде жаңа мәртебе ресми Анкара тарапынан белсендірек сыртқы саясатты жүргізуді талап етеді. Және де қазіргі түрік үкіметі осы жұмыспен айналасып жатқанын айта өту
керек. Бұл тұрғыда республика белгілі бір аймақтарда да, сонымен қатар, жалпы бүкіл әлемде
өзінің геосаяси орнын күшейтуге тырысуда. Осындай тәсілдеменің айқын мысалы ретінде
Анкараның БҰҰ-ны реформалауға қолпаштау жүргізуін есептеуге болады. Атап айтқанда, сөз
Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа тұрақты мүшелермен кеңеюі туралы жүріп отыр. Әрине, егер де
бұл құрылым қайта ұйымдастыруға ұшырайтын болса, Түркия өзіне бір орын иемденуге үмітті.
Екінші жағынан, өзінің сыртқы саяси басымдылықтарын жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар
тұрғысынан Түркия соңғы жылдары қоғамдық дипломатияны белсенді қолдануда. Атап өту
керек, бұл термин «жұмсақ күш» түсінігімен тығыз байланысты. Шынында, жалпы елдің әлемдегі
танымалдығы мен беделі тұрақты артып келуде. Мысалы, оған түріктердің мәдени өнімдерінің,
негізінен киноөнімдердің таралуы септігін тигізіп отыр. Бәріне мәлім, кино хикаяларының экспорты
бойынша Түркия әлемде екінші орын алады. Бұндай нәтижеге жету соның ішінде мемлекеттің
қолдауы арқасында мүмкін болды. Қорытындысында, көптеген мамандар елге деген туристердің
қызығушылықтарының артқанын атап өтуде. Бұдан басқа, көрсетілген гуманитарлық көмектің
көлемі бойынша республика әлемде АҚШ-тан кейін екінші орын алады. 2016 жылы басқа елдерге
көрсетілген осындай көмектің көлемі 6 млрд. долларға тең болды. Бұл деректі де қоғамдық
дипломатия тұрғысынан қарастыру қажет. Сонымен қатар, шетелдегі түрік мектептері туралы
ұмытуға болмайды. Олар қазіргі кезде екі ұдай жағдайда қалып отырғандарына қарамастан,
әлі күнге шейін түрік мемлекетімен байланыстырылады. Тиісінше, оның беделіне оң ықпалын
тигізіп отыр. Түрік жұмсақ күшін жүзеге асыруда басқа да құралдар бар: шетелдік студенттерге
білім гранттары, мәдени сипаттағы әр түрлі ұйымдарды қаржыландыру және т.б. Жоғарыда
айтылғандардың негізінде Түркияның Қазақстандағы қоғамдық дипломатиясы қызығушылық
тудырады. Әсіресе егер Орталық Азия аймағы мен оның ішінде Қазақстан Анкараның сыртқы
саясатының маңызды бағыттарының бірі екендігін ескеретін болсақ. Бұл жерде негізінен түркілік
фактор қозғаушы күш болып табылады. Бұл ретте атап өту қажет, қазіргі таңда Түркияның
қоғамдық дипломатиясының белгілерін Қазақстанда да көруге болады. Бұл мәдени өнімдерге
де, негізінен хикаяларға, сондай-ақ жоғарыда атап өтілген мектептерге де қатысты. Сонымен
бірге, түрік үкіметі қоғамдық дипломатияның басқа да құралдарын пайдалануға тырысуда. Екі
елдің стратегиялық қарым-қатынаста екендігін ескеретін болсақ, Түркияның Қазақстандағы
қоғамдық дипломатиясы сұрағы өте өзекті болып табылады.
Түйін сөздер: Түркия, қоғамдық дипломатия, жұмсақ күш, Қазақстан, сыртқы саясат.

Жарияланды

2019-08-21

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық қатынастар мен дипломатияның мәселелері