Орталық Азиялық және Еуразиялық перспективаларда аймақтық интеграция идеясы
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/IRILJ.2019.v86.i2.01Аңдатпа
Аймақтық интеграция немесе жақындасу/ынтымақтастық халықаралық дискурстың негізгі тақырыптарының бірі. Сонымен қатар Орталық Азияда аталған бағыт бойынша ғылыми зерттеулердің жетістігі жеткіліксіз. Негізінде, публицистикалық, ат үсті мақалалар Орталық Азияда немесе ЕАЭО-да кезекті интеграциялық шараларға байланысты жарық көреді. Мақалада Орталық Азияда және кеңінен Еуразияда жүзеге асырылатын үдерістерді ғылыми тұрғыда пайымдауға, олардың аймақтық интеграцияның шынайы бағытымен байланыстылығын түсінуге әрекет жасалды. Посткеңестік кеңістіктің кезең-кезеңмен дамуын талдау біржақты емес қорытындыларға ие нәтижелерге әкеледі. Авторлар әлі де өзгеріп жатқан және әлі аяқталмаған интеграциялық құбылыстарға бүгінде нақты интеграцияның анықтамасын беруге болады ма деген сұрақ қояды. Сонымен бірге, Еуразиялық идеямен және бұрынғы кеңестік елдер ұсынған жобалармен аймақтық интеграциялық бірлестіктің (ЕАЭО) механизмдері мен
институттары арасындағы байланыстарды анықтау және параллелді сәйкестендіру орынды деп
ойлаймыз. Әдебиеттерде жоғары саяси және мемлекеттік деңгейлер аясында интеграцияның
қажеттілігі туралы түйінді шешімдер қабылданатыны жеткілікті зерттелуде. Бұл қауіпсіздік
дилеммасы, әлеуметтік әл-ауқат және Орталық Азия мен Еуразия аймағының тұрақты дамуы
алдындағы ұтымды таңдаудың түсіндірмесі. Аталған мақалада аймақтық интеграция және оның
перспективалары туралы саяси идеялардың (жобалардың) жекелеген аспектілерін жан-жақты
талдауға тырысамыз.
Түйін сөздер: Орталық Азия, Еуразиялық идея, интеграция, ынтымақтастық, Еуразиялық
одақ.
