Қазақстанда жоғары білім берудегі модернизацияға жоғары тиімділікке қол жеткізу

Авторлар

  • Г. Досыбаева

Аңдатпа

Ұлттық білім жүйесін реформалау, оны әлемдік білім арнасына біріктіру талаптары
үшін, шетелдегі заманауи білім практикасын білу және шетел білім ортасында жүйелерге
анализ жасай алу өте маңызды. Қоғамдағы өмір сүрудің барлық аспектісіндегі дамып жатқан
интернационализация, шетел білім арнасында орын алып жатқан жүйелерді жаппай анализдеуді
және бұлардың отандық білім беру тенденцияларына қатысты дамуын талап етеді. Қазір, біздің
еліміздің дамып жатқан білім жүйесі, үздіксіз білім жүйесін құрайтын жоғарғы білім сапасына
жоғарғы талаптар қояды. Жоғарғы білім тиімділігін арттырудың бір жолы, шетел педагогикалық
тәжірибесін үйрену болып табылады. Бұған байланысты, қолда бар тәжірибеге, сонымен қатар,
шетел тәжірибесіне жаңаша қарау. Бұлардың мағынасын ашып, алғы идеяларды отандық білім
беру практикасында қолдану жолдарын табу өзекті болып келеді.
Мұнымен қоса, Қазақстанның жоғарғы мектеп жұмыс тәжірибесін үйрену, жоғарғы білімнің
әлемдік басымдықтарға сәйкес қайта құрылу процесінің өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді.
Осы арада, әлемдік білімнің дамуының заманауи кезеңі, АҚШ-тағы жоғары білім тәжірибесіне
деген қызығушылықтың артуымен және болашақ мамандарды кәсіби даярлануына тәжірибені
қарқынды қолданумен сипатталады. Өркениетті елде, отандық дипломдар мен мамандардың
мойындалуына, әлемдік білім ортасына бірігуге ұмтылған Қазақстан, АҚШ жоғары білім жүйесіне
анализ жасауды, олардың ерекшеліктерін ажыратуды және олардың жоғарғы білімнің дамуына
енгізген позитивтеріне көңіл беруді талап етеді. Жәй ғана айқындап қоймай, оны жарыққа
шығарып, мазмұнының, тендециялары мен олардың Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы
практикаларда қолдану мүмкіндіктерінің мағынасын ашып көрсету керек.
Түйін сөздер: жоғарғы мектебі, жоғарғы білім берудегі қайта құрулар үдерісі, әлемдік білім
беру кеңістігіндегі интеграция, ұлттық білім беруді реформалау.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-03-15

Журналдың саны

Бөлім

Мәдениет және білім саласындағы әдістемелік мәселелер