Араб мемлекеттерінің сыртқы саяси бағытының қалыптасуындағы ислам факторының рөлі
Кілт сөздер:
ислам факторы, араб елдері, сыртқы саясат, сыртқы саяси шешімдерді қабылдау үдерісі, конституция,Аңдатпа
ХХІ ғасырда ислам факторы мәселесі халықаралық аренадағы, халықаралық өмірдегі маңызды, іргелі мәселелердің қатарына айналып отыр. Мақала тақырыбының өзектілігі, оның өміршеңдігінен, яғни исламның қазіргі таңдағы әлемдік саясаттағы рөлінің артуына байланысты айқындалады. Осыған байланысты, мақаладағы берілген араб мемлекеттерінің сыртқы саясатына ислам факторының ықпалына, оның құрылымы мен ерекшеліктеріне талдау жасау маңызды. Мақалада ислам факторының мәні, құрылымы, мазмұны және негізгі детерминанттары қарастырылады. Араб мемлекеттерінің сыртқы саясатындағы ислам факторы ықпалының тетіктері, мәніне талдау жасалынып, ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басындағы араб елдерінің ислам факторының ықпалы аясындағы аймақтық және халықаралық саясатының мазмұнының өзгеріске ұшырау үрдісі қарастырылады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Араб мемлекеттерінің сыртқы саяси бағытының қалыптасуындағы ислам факторының рөлі. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 69(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/17
