Ресми дискурс пен жергілікті тәжірибе арасындағы Ресейдің Орталық Азиядағы жұмсақ күші

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/irilyj.v114i2.1608

Аңдатпа

2022 жылдан кейін ресейлік нормативтік копусында жұмсақ күш ұғымының елеулі түрде қайта бағдарлануы байқалады. Негізгі тартымдылық тілі өркениеттік қақтығыс тіліне жол беруде, ал «мемлекет-өркениет», «өркениеттік кодекс» және дәстүрлі рухани және моральдық құндылықтарды қорғау сияқты санаттар 2010 жылдары Ресейдің қоғамдық дипломатиясының өзегі болған әмбебап сөздік қорын ығыстыруда. Аталған мақалада Орталық Азияда бұл доктриналық өзгерістің тәжірибелік- коммуникативтік деңгейде қалай жүзеге асырылып жатқандығы қарастырылады. Зерттеу постструктуралистік дискурс талдауына және үш санатты қамтитын бірыңғай аналитикалық негізге сүйенеді, бұл ¾ Ресейдің гуманитарлық актор ретіндегі өзін-өзі қалыптастыруы, Ресейдің кеңістік, уақыт және этика сияқты өлшемдерге негізделген басқа акторлермен қарым-қатынасындағы орны және мәдениетті сыртқы саясат құралы ретінде пайдалану. Зерттеудің эмпирикалық негізін екі доктриналық құжат, атап айтқанда 2022 жылғы Гуманитарлық саясат тұжырымдамасы мен 2023 жылғы Сыртқы саясат тұжырымдамасы, сондай-ақ Астана, Бішкек және Душанбедегі Орыс үйлерінің 2022–2026 жылдар аралығындағы Instagram жарияланымдары құрайды. Фреймдік контент-талдау үш кейс арасындағы жүйелі әрі кездейсоқ емес айырмашылықтарды айқындап, доктринаны жүзеге асырудың үш моделін анықтауға мүмкіндік берді: Қазақстандағы таңдамалы бейімделу, Тәжікстандағы біртіндеп жақындасу және Қырғызстандағы ашық тарату модельдері. Бұл типология Ресейдің әскери-саяси интеграция және институционалдық қатысу деңгейіне байланысты. Алынған нәтижелер доктриналық нұсқау гуманитарлық саясатты іске асырудың бірыңғай сценарийін ұсынбайтындығын көрсетеді. Керісінше, жергілікті Орыс үйлері қабылдаушы мемлекеттің саяси, символдық және инфрақұрылымдық жағдайына қарай таңдамалы түрде іске қосатын мағыналар мен коммуникативтік ресурстар репертуарын қалыптастырады.

Түйін сөздер: жұмсақ күш, Ресейдің қоғамдық дипломатиясы, орыс үйлері, Орталық Азия, өркениеттік дискурс, мемлекет-өркениет, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан

Автор өмірбаяндары

  • А.Б. Күзембаева, Қазақ экономикалық университеті, Нархоз Университеті, Алматы, Қазақстан

    Күзембаева Әсия Болатқызы (корреспондент-автор) – тарих ғылымдарының кандидаты, Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің қауымдастырылған профессоры (Алматы, Қазақстан, email: assiya.kuzembayeva@narxoz.kz).

  • Е.С. Чукубаев, Нархоз Университеті, Алматы, Қазақстан, Қазақ экономикалық университеті, Narxoz

    Чукубаев Ермек Самарович тарих ғылымдарының кандидаты, Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің қауымдастырылған профессоры (Алматы, Қазақстан, email: yermek.chukubayev@narxoz.kz).

Жарияланды

2026-06-20