ЮНСИТРАЛ Типтік заңы: мемлекеттік сатып алуларды құқықтық реттеуді реформалауға арналған бағдар
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/IRILJ.2020.v89.i1.05Аңдатпа
Мақалада мемлекеттік сатып алуларды 2011 жылғы мемлекеттік сатып алулар туралы
ЮНСИТРАЛ Типтік заңымен берілген саладағы мемлекетаралық интеграция құралы ретінде
реттеудің жалпы сипаттамасы берілген. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алуларды құқықтық
реттеу мәселесі бүкіл әлемде өзекті болып табылады және мемлекеттің өзі бұл процестің
максималды тиімділігіне мүдделі. Авторлардың мақсаты мемлекеттік сатып алуды реттеу
саласындағы бірыңғай стандарттар мен нормаларды белгілейтін жоғарыда аталған құжатты
талдау болып табылады. Жұмыста 1994 жылы тауарларды (жұмыстарды) және қызметтерді
сатып алу туралы ЮНСИТРАЛ Типтік заңына және 2011 жылы мемлекеттік сатып алулар туралы
ЮНСИТРАЛ Типтік заңына салыстырмалы талдау келтірілген. Бұл мақалада мемлекеттік сатып
алудың құқықтық және экономикалық маңыздылығына баса назар аударылады, авторлардың
тұжырымдары шетелдік ғалымдар мен халықаралық ұйымдар сарапшыларының жұмыстарына
негізделген. Берілген зерттеуді жүргізу кезінде авторлар салыстырмалы талдау әдісі, ғылыми
абстракция, сапалы сараптамалық бағалау, сандық бағалау және құрылымдық талдау сияқты
жалпы ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолданды. Өз тұжырымдарында авторлар мемлекеттік
сатып алулар саласындағы мақсаттарға тек 2011 ж. мемлекеттік сатып алу туралы ЮНСИТРАЛ
Типтік заңындағы негізгі қағидаттар мен шарттарға негізделген өзара байланысқан және дәйекті
рәсімдер арқылы қол жеткізуге болатындығын атап көрсетті.
Түйін сөздер: ЮНСИТРАЛ, мемлекеттік сатып-алулар, тиімділік, ашықтық, Типтік
заң.
