Лаңкестік: әлеуметтік-саяси астары

Авторы

  • Амангелді Әліпбаев
  • Бақыт Бөжеева
        162 140

Аннотация

Кез келген құбылыстың ғылыми тұрғыдан зерттелінуі оның мәні мен себеп-салдарының
байланыстығын айқындауды қарастырады. Лаңкестік ұғымын іздестіруде оны лаңкестіктің мәнін
қарастыру ретінде зерттеудің әртүрлі астарларын, оның тарихи, әлеуметтік-саяси, идеологиялық
және психологиялық түп-тамырын зерделеуді қажет ететіндігі ешқандай күмән туғызбайды.
Қазіргі кезеңде әлемдік қоғамдастық лаңкестіктің кез келген белгілерін, оның ішінде қандай
да-бір әлеуметтік-саяси мақсаттар үшін жүзеге асуын да жоққа шығарғысы келеді. Дегенмен
де бұл лаңкестіктің бар екендігіне жоқ дей алмайды, қайта бұл әлеуметтік құбылыс дамуын
тоқтатқанды қойып, өрши түсуде. Бірқатар экстремистік топтар лаң салушылықты күрес тәсілі
ретінде пайдалануын жалғастыра түсуде. Алайда лаңкестік әрекеттерге қарсы тиімді күресті
бастау үшін және алдын алу үшін бұл құбылыстың түпкі мәнін айқындап алу қажет. Жалпы мұның
зорлық-зомбылықтың саяси негіздегі қолданысы немесе ең қатігез түрі екендігінде лаңкестік
мәселесін зерттеуші көптеген ғалымдардың ойлары бір арнадан шығуда. Кез келген лаңкестік
іс-әрекеттер саяси сарынға ие, өйткені лаңкестік түріндегі зорлық-зомбылық елдегі саясатты
сақтауға немесе керісінше өзгертудің құралы ретінде әрекет етеді. Сондықтан да лаңкестікті
жеке азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүддесіне тікелей қатер
туғызушы әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қарастыру қажет. Лаңкестікке тау-тау еңбектердің
арналғанына қарамастан, оны бірегей тұтас құбылыс ретінде сараптап, саралап шықтық деуге
болмас. Сонымен бірге осындай сараптама жасаудың мүмкіндігінің өзі күмәнді десе болады.
Әрине, осы мақаланың авторлары да алдарына мұндай міндеттеме қойып отырған жоқ. Ондағы
міндет – қазіргі лаңкестіктің тек кейбір белгілеріне ғана тоқталып өту.
Түйін сөздер: мемлекет, лаңкестік, әлеуметтік-саяси, қоғамдық-саяси, әлемдік қоғамдастық,
зорлық-зомбылық, экстремизм.

Загрузки

Как цитировать

Әліпбаев, А., & Бөжеева, Б. (2018). Лаңкестік: әлеуметтік-саяси астары. Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право, 79(3), 23–30. извлечено от https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/732

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений