Қытай-Иран байланыстары

Авторы

  • М. А. Омарова
        97 48

Ключевые слова:

халықаралық қатынастар, тағдырлас мемлекеттер, мұнай қоры,

Аннотация

Мақала Қытай мен Иран байланыстарын зерттеуге арналған.Қытай Халық Республикасы мен Иран Ислам Республикасы бүгінгі таңдағы халықаралық
қатынастарда өзіндік ерекшелігі бар сыртқы саясатты ұстанатын мемлекеттердің қатарында. Бұл екі мемлекетті, жалпы алғанда, өзара достас мемлекеттер деп айтуға әбден болады. Иранның ядролық бағдарламасы, сондай-ақ оның сыртқы саясатындағы негізгі ұстанымдар Қытай мен Ресей секілді алпауыттардың қолдауына ие болып отырғаны белгілі. Иранның ядролық бағдарламасының қарсыласы АҚШ-тың өзі Иранның әуе күштеріне қарсы ешқандай шара қолдана алмай отыр. Бүгінгі
таңдағы әлемді жайлаған қаржы дағдарысы жағдайында мемлекетаралық байланыстардың прагматикалық көзқарас тұрғысынан құрылатындығы айдан анық. Өйткені әрбір мемлекет қандай сыртқы саясат жүргізсе де, қандай келісімшартқа отырса да, ең алдымен, өзінің, яғни өз елінің мүддесін алғашқы орынға қоятыны сөзсіз.
Ал енді Қытай мен Иран арасындағы байланыстарға келер болсақ, бұл екі мемлекет те қарым-қатынастарын өзара тиімділік негізінде дамытып келеді. Екі ел де Азияның әлеуеті зор, географиялық жағынан жақын орналасқан, тарихи жағынан тағдырлас мемлекеттері болып табылады. Қытай мен Иран арасындағы дипломатиялық байланыстар 1971 жылдың 16 тамызында орнатылған. Сол кезден бергі өткен 38 жылдың ішінде Иран патшалықтан Ислам Республикасына ауысып, Иран-Ирак соғысын және халықаралық оқшаулануды басынан өткерді. Қытай да өз кезегінде Мәдени
революцияны, ашық есік саясатын жүргізе отырып, мемлекеттік күш-қуаты мен халықаралық мәртебесінде де айтарлықтай өзгерістер болды. Әйтсе де, Қытай мен Иран арасындағы екіжақты достық қатынастардың осы уақытқа дейін сақталып келе жатқандығы олардың болашақтағы өзара ынтымақтастығының берік негізін қаласа керек.

Библиографические ссылки

1. Майкл Т. Клэр (Michael T. Klare). Новые ходы на трехполюсной шахматной доске ("Asia Times", Гонконг) 23
июня 2006 // http://www.inosmi.ru/translation/228353.html
2. Renmin Ribao. 21.04.2002.
3. Yi ZhongYi guanxi 30 nian // http://blog.huanqiu.com
4. Ефраим Гандзик. Узы, которые связывают Китай, Россию и Иран ("Asia Times", США)// http://www.inosmi.
ru/text/translation /220241.html
5. Zhongguo Yilang feiji huan shiyou? // http://ido.thethirdmedia.com
6. Dong Fang. Yilang zongtong fanghua yinfa Beijing waijiaojie guanzhu. Beijing 07.09.2008 // http://www.voanews.
com/chinese/archive/2008-09/w2008-09-07-voa23.cfm
7. Deng Yu. ZhongYi maoyi e da 240 yi meiyuan. – Zhongguo chanjing xinwenbao. – 19.02.2009.

Загрузки

Как цитировать

Омарова, М. А. (2016). Қытай-Иран байланыстары. Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право, 41(3). извлечено от https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/503

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений