Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы ынтымақтастығының мәселелері

Авторы

  • М. С. Мырзабеков
        52 38

Ключевые слова:

саяси басымдық, интеграциялық жақындасу, дипломатиялық қатынастар,

Аннотация

Мақала Қазақстан мен Иран ынтымақтастық мәселелеріне арналған.Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізген сәттен бастап өзінің сыртқы саяси
басымдықтарының бірі ретінде Иран Ислам Республикасы ынтымақтастығын дамытып нығайтуды мақсат тұтты. Қазақстан Республикасы үшін Иранның географиялық орналасуы стратегиялық маңызы бар. Себебі, біздің еліміздің әлемдік коммуникацияларға шығуы және екі елдің Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше болуы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға негіз салып берді. Иран Ислам Республикасы орасан зор адам ресурстарын, дамыған индустриялық өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын, айтарлықтай инвестициялық мүмкіндіктерді иемденді. Нақ осы фактор Қазақстан Республикасының Иранмен экономикалық ынтымақтастықтың түрлі салаларында негізгі әріптес бола алады. Иран аймақтық держава ретінде сыртқы айналымдардың қарсылығына қарамастан,Орталық Азия мен Каспий аймағында көп мақсатты көздейтін өзінің мүдделерін қорғап келеді.Иран Ислам Республикасы өзінің сыртқы саяси бағдарында Орталық Азия жаңа тәуелсіз мемлекеттермен жан-жақты қатынастарды дамытып, нығайтуды көздейді, бұндай елдердің салмағы мен әлеуетіне (саяси, экономикалық) байланысты Иран үшін мейлінше болашаққа сенімді әріптес бола алады екен.

Он жеті жылдан бері қайсыбір саланы алсақ та, Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді. Екі мемлекеттің бір-біріне тигізер ықпалы мол әрі елеулі.Қазақстанның сыртқы саясатында азиялық Иран Ислам Республикасы маңызды орын алады.Қазақстан – Иранның Орталық Азиядағы басты серіктесі болса, Иран – Қазақстанның Орта Шығыстағы серіктесі болып табылады.

Библиографические ссылки

1. Токаев К.К. Под стягом независимости / Очерки о внешней политике Казахстана. - Алматы,
1997. - С. 524.
2. Токаев К.К. Под стягом независимости / Очерки о внешней политике Казахстана. - Алматы,
1997. - С. 525.
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы,
1998. – 39 б.
4. Назарбаев Н.А. Укреплять международные позиции Казахстана // www.president.kz.
5. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. - Алматы, 2003. - С.132.

Загрузки

Как цитировать

Мырзабеков, М. С. (2016). Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы ынтымақтастығының мәселелері. Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право, 41(3). извлечено от https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/493

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений