Қазіргі кездегі Түркия-Иран ынтымақтастығының саяси мәселелері

Авторы

  • М. О. Иембекова

Ключевые слова:

мемлекетаралық ынтымақтастық, интеграциялық процестер, сыртқы саясат,

Аннотация

Мақалада қазіргі кезде халықаралық қатынастарда маңызды орын алатын мемлекетаралық қатынастыр жөнінде мол ақпарат беріледі.Қазіргі халықаралық қатынастарда аймақтық деңгейдегі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың алатын орны ерекше. Өйткені әрбір мемлекет алысқа кетпей-ақ, ең алдымен өз аймағында позициясын нығайтып, көрші мемлекеттермен ынтымақтастығын күшейтіп, әлемдік аренадағы өз орнын нақтылауды көздейді. Сонымен қатар ХХІ ғасырдың ерекшелігі сонда, әрбір мемлекетке қатысты мәселелердің ғаламданғаны соншалық, ешбір ел өз бетінше жеке дами алмайтын күйге жетті. Осы ретте Орта және Таяу Шығыс аймағында орналасқан аймақтық дәрежедегі мемлекеттер Түркия мен Иранның арасындағы қарым-қатынас мәселесі екі мемлекет үшін де, аймақтық даму
үрдісі үшін де маңызды орын алатыны сөзсіз. Қазіргі кезде екі мемлекет те ешкімге тәуелсіз, дербес саясат жүргізуге ұмтылуымен қатар, әлемдік интеграциялық процестерден тыс қалмау мақсатындағы саясатымен ерекшеленеді.
Түркия мен Иран арасындағы қарым-қатынастардың тарихына үңілсек, екі мемлекеттің де кереметтей жақсы ынтымақтастық қатынастарда болмағанын көреміз. Оған себеп аймақтағы Европа державаларының жүргізген саясаты деуге болады. Екі елдің арасында соңғы қақтығыс ХІХ ғ. 20-шы жылдары орын алды, ал бірінші дүниежүзілік соғыстан соң, Осман империясы ыдырап, Түркия Европаға бағытталған саясат ұстағаннан кейін екі ел арасында табысты қарым-қатынас орын
алмағанмен де,Түркиядағы европалық сипаттағы өзгерістер Иранға да әсер еткені сезіліп отырды.Өйткені Кемал Ататүріктің жүргізген қайта құрулары Иран жетекшісі Реза шахтың назарынан тыс қалмағанын оның жүргізген саясатынан көруге болады.

Библиографические ссылки

1. www.iimes.ru/rus/stat/2008/29-07-08c.htm
2. Синан Оган. Правящая партия и турецко-российские отношения// Азия и Африка сегодня. - 2008. - № 12. - С.45-46.
3. Турецко-иранский бизнес спутал карты Вашингтону// www.iimes.ru
4. Турецко-иранские отношения и газовый вопрос// www.iimes.ru
5. http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1238191140
6. www.iimes.ru
7. http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1238191140

Загрузки

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений