Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы

Авторы

  • О. Ж. Булдыбаев

Ключевые слова:

құқықтық жағдай, халықаралық құқық нормалары, этникалық тепе-теңдік,

Аннотация

Мақала Қазақстан аумағында тұрып жатқан шетел азаматтарының құқықтық жағдайларын анықтауға арналған.Әр елде мемлекет азаматтарының құқықтық жағдайы онда тұрып жатқан шетел азаматтарының құқықтық жағдайынан өзгеше екені баршамызға мәлім. Бұл ерекшелік белгілі бір мемлекет аумағына қатысты шетел азаматтары құқықтарының кейбір жағдайларда шектелетіндігінен көрініс табады.
Мысал ретінде айтар болсақ, кейбір мемлекеттерде жергілікті жұмыс күштерінің мүдделерін қорғау мақсатында шетелдіктердің заңды еңбек етулеріне қатаң шектеулер қойылған.Ал басқа мемлекеттерде этникалық тепе-теңдікті сақтау мақсатында азаматтық алу мен тұруға рұқсатнама алудың ерекше күрделі процедурасы белгіленеді. Жалпы ереже бойынша, заң шетел азаматтарына мемлекеттік қызметтермен айналысуға, сайлауға қатысуға, кейбір істермен айналысуға және т.б. тыйым салады. Ұлттық және мемлекеттік мүдделерді қорғаудың аталған шаралары кейбір адамдарға ұнамауы мүмкін, бірақ егер олар заң негізінде орындалатын болса, түсінікті әрі кең көлемде қолданылатын шаралар болып табылатыны даусыз. Жағдайлардың осылайша орын алуын Қазақстандағы шетелдіктерге берілетін құқықтар мен бостандықтарды талдау негізінде де байқауға болады.

 

Библиографические ссылки

1. Лазарев Л. В. Иностранные граждане (правовое положение). - М.: Российское право, 1992.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995.
3. «ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің заңи күші бар Жарлығы, 19 маусым 1995.
4. Ануфриева Л. П. Иностранные физические лица: правовое положение в России // Российская юстиция, 1997, № 6. -
С. 45-47.
5. Шетел азаматтарының Қазақстанға келуі мен Қазақстан Республикасынан кетуін тіркеудің тәртібі туралы Ереже,
12.12.1995 ж. №301/249.
6. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуі мен онда болуы, сонымен қатар Қазақстан
Республикасынан кетуінің ережелері, 28 қаңтар 2000 ж. №136.
7. Правовой статус иностранцев в Казахстане // Мысль №8, 1999. - С. 43-47.

Загрузки

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений