Еуразиялық экономикалық одақта Еуропалық одақ тәжірибесін қолдану мүмкіндіктері
Ключевые слова:
Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық одақ, интеграциялық үдерістер, посткеңестік кеңістік, экономикалық көрсеткіштер, Кедендік одақ,Аннотация
Мақалада экономикалық интеграцияның еуропалық тәжірибесі және оның ЕЭО қалыптасуы мен дамуынқабылдау түрлері қарастырылады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикадағы мемлекетаралық инновациялық кеңістігін қалыптастыру мүмкіндігі бағаланады. Бұл жұмыста заманауи интеграциялық үдерістерге талдау жүргізіледі. Зерттеудегі негізгі екпін екі түрлі интеграциялық топтарды салыстыруға жасалған: Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) және Еуропалық одақ (ЕО). Және де бұл мақалада Еуропалық одақ және Еуразиялық экономикалық одақ экономикалық интеграцияның ерекшеліктері салыстырмалы талданады, сонымен қатар қатысушы елдер үшін салдары зерттеледі. ЕО толығырақ талдануы жас еуразиялық интеграцияға болашақтағы қателіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Бұрыңғы социалистік мемлекеттердің уақыт өте және сауатты интеграциялануы өзекті болып қалған тарихи байланыстардың жаңғыруына ықпал етеді.Загрузки
Выпуск
Раздел
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Как цитировать
Еуразиялық экономикалық одақта Еуропалық одақ тәжірибесін қолдану мүмкіндіктері. (2016). International Relations and International Law Journal, 73(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/436
