Әлемдегі төмен дамыған елдер тобы: артта қалу себептері мен мәселелерін шешу жолдары

Авторы

  • L. А. Medukhanova
  • K. N. Zhangaliyeva

Ключевые слова:

төмен дамыған елдер, БҰҰ, дамуға арналған ресми көмек, ЭЫДҰ,

Аннотация

Қазіргі әлемдік экономиканың дамуының маңызды мәселелерінің бірі – әлемнің кедей немесе «төмен дамыған елдері». Халықаралық ұйымдардың тарапынан қаржылық, техникалық және гуманитарлық көмек көрсетілетін өзіндік негізгі сипаттары бар БҰҰ-мен ресми түрде мойындалған елдер категориясы. Мақалада төмен дамыған елдердің әртүрлі әлеуметтік-экономикалық сипаттары, олардың артта қалу себептері, осы себептердің тығыз өзара шарттастығы, ресми көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері қарастырылған. Қазіргі кезде ең төмен дамыған елдерге ресми көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында бірнеше бағдарламалар мен жобалар бар. Алайда, бұл көмектің мөлшері және тиімділігі жеткіліксіз. Мақала авторлары көмек көрсетуді ұйымдастырудың бұл механизмін өзгертіп, жеке кәсіпорындар арасында тендер ұйымдастыру арқылы ең төмен дамыған елдерге тікелей әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілердің құрылысына қаржы бөлуді ұсынады.

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений

Как цитировать

Әлемдегі төмен дамыған елдер тобы: артта қалу себептері мен мәселелерін шешу жолдары. (2016). International Relations and International Law Journal, 73(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/429