Ресей Федерациясының мәдени дипломатиясы

Авторы

  • N. Tleuova М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.
  • S. M. Turkeeva

Ключевые слова:

мәдени дипломатия, Ресей Федерациясы, сыртқы саясат, дипломатиялық қызмет,

Аннотация

Елдің геосаяси және геоэкономикалық мүдделерін жүзеге асыру ісіндегі маңызды орынды ғылым және білім саласындағы байланыстар алады. Олар қазіргі таңда мемлекеттер сыртқы саясатының маңызды да тиімді құралына айналып отыр. Бұл байланыстар мәдени дипломатияның негізін құрайды. Мәдени дипломатия – елдің сыртқы саясатының негізгі мақсаттарының нысаны және құралы ретінде, дипломатиялық қызметтің ерекше саласы болып табылады. Қазақстан Республикасының стратегиялық әріптесі болып табылатын Ресей Федерациясы да әлемнің өзге мемлекеттері сияқты, қазіргі таңда ұлттық мүдделерін жүзеге асыру мақсатында негізгі назарын мәдени дипломатияға аударып отыр. Осыған байланысты мақалада, мәдени дипломатия ұғымының тұжырымдамалық негіздеріне талдау жасалынып, Ресей мәдени дипломатиясының мақсаты, негізгі бағыттары, қозғаушы күштері қарастырылады.

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений

Как цитировать

Ресей Федерациясының мәдени дипломатиясы. (2016). International Relations and International Law Journal, 73(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/418