АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты саясаты: іске асыру мүмкіндіктері мен болашағы

Авторы

  • A. Serykkyzy
  • М. S. Myrzabekov

Ключевые слова:

Орталық Азия, АҚШ, геосаясат, стратегия, демократия, бәсекелестік,

Аннотация

Кеңестер Одағының ыдырауы, Орталық Азиядағы геосаяси вакуумның пайда болуына алып келді. Осыған дейін әлемдегі жетекші мемлекеттер үшін қол жетпейтін аймақ Орталық Азия өзінің табиғи-шикізат көзінің, ең алдымен, мұнай мен газ және Батыс пен Шығысты қосатын көліктік инфрақұрылымды қалыптастыруға, сондай-ақ, халықаралық терроризмге қарсы күресте пайдалануда плацдарм ретіндегі рөлінің маңыздылығына байланысты, жетекші мемлекеттердің геосаяси және геостратегиялық талас аймағына айналды. 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін Орталық Азияның әлемдік саясаттың басты ойыншылары саналатын – АҚШ, Ресей және Қытайдың стратегиялық үстемдігі үшін күрес аймағына айналуы, бұндай бәсекелестікке жаһандық сипат берді. 1999 жылы Орталық Азия АҚШ Орталық қолбасшылығының жауапкершілік аумағына өткізілді. Бұл жағдай аймақ мемлекеттерінің АҚШ-пен әскери ынтымақтастығы үдерісін күшейте түсті. Осылай, АҚШ аймақты өзінің дербес геостратегиялық және геосаяси жүйесіне тарта отырып, өзінің жаһандық деңгейдегі позициясын күшейтуді көздеуде.

Загрузки

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений

Как цитировать

АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты саясаты: іске асыру мүмкіндіктері мен болашағы. (2016). International Relations and International Law Journal, 69(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/16