Еуразиялық экономикалық қауымдастық Сотының дауларды шешу тәжірибесіне жалпы сипаттама
Ключевые слова:
ЕАЭО Соты, ЕурАзЭҚ Соты, мемлекетаралық ынтымақтастық, дауларды шешу, экономикалық міндеттемелер,Аннотация
Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық сферада қарқынды даму заманында өзекті мәселелердің бірі Қазақстан Республикасы өзі белсенді қатысушысы болып табылатын Еуразиялық Экономикалық Одақтың халықаралық аренадағы орнын күшейту, Еуразиялық Экономикалық Одаққа дейін әрекет еткен – ЕурАзЭҚ-тың тәжірибесін ескере отырып Еуразиялық Экономикалық Одақтың мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуына үлес қосу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін ЕурАзЭҚ шеңберінде туындаған мемлекетаралық дауларды заманға сай әдістермен шешуді жүзеге асырушы ЕурАзЭҚ Сотының тәжірибесін зерттеп, Соттың артықшылықтары мен кемшіліктерін табу арқылы Еуразиялық Экономикалық Одақ Сотының тиімділігін арттыру аса маңызды. ЕурАзЭҚ өзінің қызметін тоқтатқанға қарамастан, 15 жыл бойы ЕурАзЭҚ Сотының жинаған тәжірибесі қазіргі күндері кең қолданылуда және өзінің маңыздылығын жоғалтпайды. ЕурАзЭҚ Сотының тәжірибесі, соның ішінде дауларды шешу тәжірибесі ЕАЭО Сотымен дауларды шешу кезінде үлгі ретінде қолданылуы тиіс. ЕурАзЭҚ Сотының қабылдаған шешімдері – ЕурАзЭҚ нормативті-құқықтық актілеріндегі кемшіліктердің анықталып, алынып тасталуына, ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің шаруашылық субъектілеріне сауда қатынастарын жеңілдеткен жаңа қаулылардың қабылдануына себеп болды.Загрузки
Выпуск
Раздел
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Как цитировать
Еуразиялық экономикалық қауымдастық Сотының дауларды шешу тәжірибесіне жалпы сипаттама. (2016). International Relations and International Law Journal, 70(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/109
