Орталық Азия мемлекеттерінің соңғы он жылдықтағы көші-қон тенденциялары: ағымдағы трансформацияларды талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ202510918Аннотация
Орталық Азия Еуропа мен Азияның қақ ортасында орналасқан: ғасырлар бойы мәдени байланыстар мен көші-қон ағындарының тарихи оазисі. Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Түрікменстанның және Тәжікстанның таулы шыңдары мен ыстық шөлдеріне дейін қамтитын ландшафттары көші-қонның күрделі мұрасын бейнелейді. Ежелгі заманнан бері Орталық Азия Шығыс пен Батыс арасындағы көпір рөлін атқарды – Жібек жолының дәуірі әртүрлі халықтары скифтердің, моңғолдардың, түркі тайпаларының аралас этностардың алуан түрлілігінің өшпес ізін қалдырды. Осы көші-қон процестерін түсіну аймақтың қалыптасып келе жатқан біртектілігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы құнды мағлұматтар береді. Көші-қон процестері статикалық құбылыс емес, өмір сүру механизмі ретінде үнемі зерттеуді талап етеді, ал қазіргі уақытта әсіресе Украина мен Ресей арасындағы соғысқа байланысты күрделі геосаяси процестер жүріп жатқанда, бұл аймақтың рөлі жаңа мағына мен сипатқа ие болады, бұл өзгерістер көші-қон процестеріне әсер етеді. Бұл зерттеудің мақсаты Орталық Азия аймағында көші-қон процестерінің қандай өзгерістерге ұшырағанын, әсіресе 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңде осы аймақ елдерінің қандай проблемалармен бетпе-бет келетінін және осы елдердің көші-қон саясатында қандай шешімдерді іске асыру қажеттігін анықтау болып табылады. Бұл зерттеу осы аймақтың азаматтары үшін де, көші-қон мен Орталық Азия аймағының экономикасына қызығушылық танытқан зерттеушілерге рсы аймақта орын алған көші-қон процестерін түсінуге көмектеседі. Соңғы онжылдықтағы Орталық Азия мемлекеттеріндегі көші-қон тенденцияларын зерттеудің өзектілігі аймақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына елеулі әсер ететін бірқатар факторларға және аймақтың геосаяси маңыздылығына, экономикалық трансформацияға, әлеуметтік-демографиялық өзгерістерге, халықаралық қатынастар мен интеграция мен қауіпсіздік мәселелеріне негізделген жаһандық көші-қон процестеріне байланысты.
Түйін сөздер: көші-қон процестері, Орталық Азия өңірі, әлеуметтік трансформация, ақша аударымдары, еріксіз қоныс аударушылар.
