Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық кластерінің даму перспективалары

Авторы

  • N. Е. Dabyltaeva
  • А. М. Nurjanova Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Ключевые слова:

көлік, логистика, кластер, терминал, көлік-логистикалық орталықтар, макрологистикалық жүйе,

Аннотация

Көлік-коммуникация инфрақұрылымының маңызды міндеті көрсетілген көлік қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету және шалғайдағы өңірлер мен халық тығыз орналаспаған өңірлерде «инфрақұрылымдық орталықтар» құру, сондай-ақ ауылды қажетті көлік қатынасымен қамтамасыз ету мәселесін шешу болып табылады. Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың ілгері қарқыны болмайынша, елдің экономикалық өсуінің орнықты қарқынын, оның қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, әлемдік экономикаға ұтымды ықпалдасуын және тиісінше әлемнің бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттерді ойдағыдай шешу мүмкін емес. Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ экономикалық өсуді қолдау көлік-логистика жүйесінің халықаралық түйінді көлік дәліздеріне жоғары ықпалдасуын, оның ішінде жүк ағындарын бөлуге ықпал ету үшін тасымалдың жоғары жылдамдығын, мерзімділігін, қолжетімділігін және сенімділігін, сондай-ақ көлік қызметтерін пайдалану жайлылығын талап етеді.

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений

Как цитировать

Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық кластерінің даму перспективалары. (2016). International Relations and International Law Journal, 70(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/97