Human security контекстіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық қауіпсіздік саясатының кеңеюі
Ключевые слова:
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, аймақтық қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік, аймақтық ұйым, сыртқы саясат,Аннотация
Мақалада қазіргі кезеңдегі Human security шеңберіндегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық қауіпсіздік саясатының дамуы зерттеледі. Авторлар, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі аймақтың дамуына тікелей әсер ететін мәселелерді екі категорияға бөліп қарастырады. Бірінші категорияға жеке тұлғаның өмір сүруіне ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық мәселелерді, ал екінші категорияға экологиялық қауіпсіздік мәселелерін жатқызады. Мақалада, аталған әлеуметтік-гуманитарлық және экологиялық мәселелердің жеке тұлғаның өмір сүру деңгейі мен сапасына үлкен ықпал ететіні дәлелденеді. Босқындар, миграция, адам сату және денсаулық сақтау мәселелеріне кеңінен талдау жасалып, соңғы кездегі статистикалық мәліметтер көрсетіледі. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың маңыздылығы анықталады. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университетінің мақсат-бағыттары айқындалады.Загрузки
Выпуск
Раздел
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Как цитировать
Human security контекстіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық қауіпсіздік саясатының кеңеюі. (2016). International Relations and International Law Journal, 70(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/72
