Қазақстан – АҚШ қарым-қатынасындағы энергетикалық фактордың маңыздылығы

Авторы

  • А. B. Kuzembayeva

Ключевые слова:

қазақстандық-американдық қарым-қатынастар, энергетикалық қауіпсіздік, ынтымақтастық,

Аннотация

Мақалада қазақстандық-американдық ынтымақтастықтың стратегиялық серіктестік деңгейіне өтуімен екі жақты диалогтың жаңа мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін айқындау тұрғысынан экономикалық қарым-қатынастар мазмұнының сипаты ашылып, даму үдерісі қарастырылған. Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың энергия қорлары саласындағы ықпалдастығының кейбір жетістіктері мен мәселелеріне талдау жасалған. Энергетика ресурстарын дамыту мен әртараптандыру бойынша Қазақстанның АҚШ жоспарында алатын орны ерекше және және бұл келесідей факторлармен негізделген: республика дамуының тұрақтылығы мен болжамдылығы, ықтимал инвестициялық климат, экономикалық өсуі, көп жақты және прагматикалық көзқарасқа негізделген сыртқы саясат, демократиялық үдерістердің оңды серпінділікпен дамуы. Қазіргі таңда Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастары әлемдік саясаттың түйінді мәселелері бойынша ұстанған бағыттарының, сондай-ақ ықпалдастықтың басым салаларындағы ұзақ мерзімдік ұлттық мүдделерінің жақындығымен ерекшеленетіндігі атап өтіледі.

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений

Как цитировать

Қазақстан – АҚШ қарым-қатынасындағы энергетикалық фактордың маңыздылығы. (2016). International Relations and International Law Journal, 66(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/529