Қазіргі Жапонияның сыртқы саясатындағы Таяу Шығыс аймағы

Авторы

  • Р. О. Садықова

Ключевые слова:

ішкі саясат, мұнай әлемі, экономикалық сала,

Аннотация

Мақала қазіргі уақытта Жапонияның сыртқы саясатында Таяу Шығыс аймағының қандай орын алатындығын анықтауға бағытталған.ХХ ғасырдың екінші жартысынан Жапония халықаралық қатынастар сахнасында беделді Азия-Тынық мұхиты аймағының ойыншысы ретінде әрі экономикалық тұрғыдан да дамыған мемлекет ретінде байқалды. Табиғи қорларының болмауына қарамастан, Жапонияның «қырғи-қабақ соғысы» жылдарында «экономикалық ғажайыптың» арқасында жоғарғы жетістіктерге жетуі Жапонияның сыртқы және ішкі саясатының өзіндік ерекшелігін байқатады.

Жапонияның Таяу Шығыс мемлекеттерімен қарым-қатынастары, әсіресе экономикалық салада,яғни энергетикалық қорлармен қамтамасыз етуде қарқынды дамуда. Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне жүгінсек, Жапонияға Таяу Шығыс немесе араб мемлекеттерінен келетін мұнай импортының көлемі 90%-ды құрап отыр. Араб мемлекеттерінің ішінде Жапония мұнайдың 25% импортымен қамтамасыз етуші Сауд Арабиясымен тұрақты қарым-қатынастарды орнатып, Сауд Арабиясы «қырғи-қабақ соғысы» жылдарынан бері алғашқы орындағы мұнай шикізатымен қамтамасыз етуші мемлекетке айналып отыр.

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений

Как цитировать

Қазіргі Жапонияның сыртқы саясатындағы Таяу Шығыс аймағы. (2016). International Relations and International Law Journal, 41(3). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/504