Бірыңғай Орталық Азия идеясын іске асыру мүмкіндіктері мен кедергілері және Қазақстан ұстанымы
Ключевые слова:
Орталық Азия, интеграция, Қазақстан,Аннотация
Мақала Орталық Азия аймағындағы елдердің өзара жақындасу үдерісінің ерекшеліктерін және Қазақстанның негізгі ұсыныстарын қарастыруға арналған. Әлемде жаһандық деңгейдегі өзгерістердің орын алып атырғанын түсіне отырып, аймақ мемлекеттері интеграцияның қажет екендігін мойындайды. Туындаған жаңа үндеулер мен сұрауларға тек жұмыла отырып қана жауап беруге болады. Ол Орталық Азия аймағына да қатысты. Алайда өз мақсаттары мен мүдделеріне ие бес мемлекет үшін ортақ тіл табысу оңай мәселе емес. Аймақтағы жақындасу болашағы, негізінен, интеграциялық бастамалардың көшбасшысы болып саналатын Қазақстан мен өзіндік салмақты «даусымен» ерекшеленетін Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастар призмасы арқылы қарастырылады. Аймақтағы жетекші рөл үшін бәсекелесуші осы екі мемлекеттің өз мүдделерін үйлестіруі – басты анықтаушы факторлардың бірі. Сонымен қатар, экономикалық және саяси кеңістікті қалыптастыру мәселесімен қоса, мәдени кеңістік және адами капиталды дамыту мәселелеріне де көңіл бөлінеді.Загрузки
Выпуск
Раздел
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Как цитировать
Бірыңғай Орталық Азия идеясын іске асыру мүмкіндіктері мен кедергілері және Қазақстан ұстанымы. (2016). International Relations and International Law Journal, 69(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/38
