Қазіргі кезеңдегі Қазақстан – АҚШ қатынастарының кейбір мәселелері

Авторы

  • А. B. Kuzembayeva

Ключевые слова:

қазақстандық-американдық қарым-қатынастар, сауда-экономикалық қатынастар, ынтымақтастық,

Аннотация

Мақалада Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуына байланысты қазақстандық-американдық қатынастардың сипаты ашылып, олардың даму перспективалары қарастырылған. Қазақстан Еуразия кеңістігінде интеграциялық үдерістерді ынталандыра отырып, көпвекторлы саясатты жалғастыруға мүдделі болуда. Осы нық орныққан бағдардың түпкілікті қағидаттары мен құндылықтарына бекем болу – біздің мемлекетіміздің даму шарттарына сәйкес келетін сыртқы саясаттың жалғыз үлгісі болып табылады. Қазақстанның АҚШ және Батыстың басқа елдерімен өзара іс-қимылдары еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатының өміршеңдігі мен серпінділігін көрсете білді. Мақалада Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың сауда-экономикалық саласындағы ықпалдастығының кейбір жетістіктері мен мәселелеріне талдау жасалған. Қазіргі таңда Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастары әлемдік саясаттың түйінді мәселелері бойынша ұстанған бағыттарының, сондай-ақ ықпалдастықтың басым салаларындағы ұзақ мерзімдік ұлттық мүдделерінің жақындығымен ерекшеленетіндігі атап өтіледі.

Загрузки

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений

Как цитировать

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан – АҚШ қатынастарының кейбір мәселелері. (2016). International Relations and International Law Journal, 69(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/32