Еуропалық Одақ шеңберінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Францияның тəжірибесі

Авторы

  • G. S. Baikushikova

Ключевые слова:

қоршаған орта, Франция, экологиялық саясат, ластану, «Grenelle»

Аннотация

Экологиялық мəселелерді шешу жəне қоршаған ортаны қорғау Еуропалық Одақ қызметінің бүгінгі таңдағы маңызды бағыты болып отыр. Бұл салада кең ауқымды экологиялық қағидалар, тетіктер жəне құралдар жүйесі дамыған, тəжірибеде жемісті жүзеге асырылып жатқан заңнамалар, нормалар бар. Əрине, табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыруда унификацияланған əдістердің негізінде жүзеге асырылуына тырысады, бірақ əр- түрлі мемлекеттерде өзіндік ерекшеліктер сақталып қалады. Салыстырмалы түрде алсақ АҚШ жəне Канадада экологиялық саясат əртүрлі бағдарламалар, жоспарлар, ұсыныстар негізінде жүзеге асырылса, Батыс Еуропа елдерінде, соның ішінде Францияда экологиялық саясатты жүзеге асыруда заңдар жүйесіне басты көңіл бөледі. Мақалада Францияның экологиялық саясатының тарихи, халықаралық жəне еуропалық деңгейі аясында қалыптасуы, өзгеруі, жетістіктері қарастырылады. Францияның экология саласындағы проблемалары, инсти- туттары жəне ластану түрлері – пəнаралық зерттеу жүргізуге мүмкіндік берді.

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений

Как цитировать

Еуропалық Одақ шеңберінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Францияның тəжірибесі. (2016). International Relations and International Law Journal, 62(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/298