МНОГОСТОРОННЯЯ БЕЗОПАСНОСТЬ В СЕВЕРО-ВОСТОЧНОЙ АЗИИ И РОЛЬ КОРЕИ

Авторы

  • Yng-John Cho

Ключевые слова:

многосторонняя безопасность, Северо-Восточная Азия

Аннотация

Солтүстік-Шығыс Азия аймағы халықаралық қауымдастықтың тарапынан көптен назар аудару барысында. Дегенмен, осы алпауыт аймақтың жоғары эко номикалық жəне саяси ықпал факторын былай қойғанда, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші ұйымның жоқтығы халықаралық қауымдастық үшін зор сауал тудыруда. Жағдай осы қалыпта сақталса, қырғи-қ абақ соғысы кезеңіндегі əлемдік тəртіпті қандай жаңа əлемдік тəртіп алмастыруы мүмкін? Заманауи халықаралық қауымдастықта саясаттың басты бағыты халықаралық қатынастарда өзара ынтымақтастық негізінде бейбітшілік пен тұрақтылықты камтамасыз ету екенін біз күмəн етпейміз. Солтүстік-Шығыс Азия да осыдан тысқары емес. Экономикалық ынтымақтастықты одан əрі дамыту жəне қауіпсіздік саласында көпжақты жүйеге сүйену тек бір мемлекеттің ғана емес, аймақ жəне əлемнің түгелі дерлік мүддесіне cай келетіні анық. Солтүстік-Шығыс Азияда аймақтық қауіптерге төтеп беру жолында, ең алдымен, өзара сенімді нығайту мен ынтымақтастық деңгейін жоғарылату арқылы көпжақты қауіпсіздік жүйе құрылуы мүмкін. Атап айтқанда, Солтүстік Кореяның ядролық мəселесі бойынша алты тарапты келіссөздер жүйесі осы рөлді атқара алушы бірден-бір негіз болуы ықтимал. Сарапшылардың басым көпшілігі осы келіссөздердің Солтүстік-Шығыс Азияда ядролық қарусыздану жəне қауіпсіздік ынтымақтастығын дамытудағы болашақ мүмкіншіліктерін аса жоғары бағалауда. Осы тұста Солтүстік-Шығыс Азия аймағының жəне тіпті əлемнің өзегі болып тұрған Оңтүстік Кореяның рөлі аса маңызды. Оңтүстік Корея «көпір» іспеттес аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі медиатор қызметін атқаруы мүмкін.

Загрузки

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений

Как цитировать

МНОГОСТОРОННЯЯ БЕЗОПАСНОСТЬ В СЕВЕРО-ВОСТОЧНОЙ АЗИИ И РОЛЬ КОРЕИ. (2016). International Relations and International Law Journal, 55(5). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/174