ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ТЕРРОРИЗМ (ЛАҢКЕСТІК) ЖӘНЕ СЕПАРАТИЗММЕН ӨЗАРА АРАҚАТЫНАСЫ

Authors

  • Е. Т. Бекбосынов

Keywords:

халықаралық терроризм, мемлекетаралық шарттар, құқықтық актілер,

Abstract

Мақалада терроризм мен сепаратизмнің өзара арақатынасы жөнінде мәлімет беріледі.Халықаралық терроризм, сепаратизм, экстремизм, оның ішінде діни экстремизм
халықаралық қауымдастыққа және жалпы адамзатқа қауіп төндіріп отырған келеңсіз
құбылыстар болып табылады. Олар құқық тұрғысынан қылмыстар деп дәрежеленеді. Аталған қылмыстар халықаралық сипаттағы қылмыстар болып табылады. Әмбебаптық, аймақтық,екіжақты мемлекеттераралық шарттарда қылмыстар болып танылып, мойындалады.
Халықаралық қылмыскерлікпен күресу мәселелері халықаралық қылмыстық құқық
ғылымы бойынша зерттеледі. Терроризм, сепаратизм және діни экстремизм құбылыстары
халықаралық құқық жүйесінде қалыптасуы мен дамуының тарихи негіздері әр қилы, бір
жағынан бір-біріне біршама ұқсас деуге болады. Көптеген тарихи, ғылыми, сонымен бірге қасиетті жазба кітаптардың мәтіндерін зерттегенде, жоғарыда аталған терминдердің тікелей айтылмаса да, аталмыш құбылыстардың өз уақыттарында белгілі бір тарихи үрдістерде қалыптасып әрі дамып келгендігі анық.

Downloads

How to Cite

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ТЕРРОРИЗМ (ЛАҢКЕСТІК) ЖӘНЕ СЕПАРАТИЗММЕН ӨЗАРА АРАҚАТЫНАСЫ. (2016). International Relations and International Law Journal, 42(4-5). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/540